Главная » Аймақ » Ұлытау » Қардан мүсін соққандар

Қардан мүсін соққандар

   Жезді кентінің мәдени-сауық орталығы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «20 жылға – 20 жұлдызды іс-шара» жоспарын түзді. Жақында аталған жоспар аясында «Астана – нұрдың бұлағы» атты іс-шара өтті.

Шарада оқушылар шаттық шеңберін жасап, бір-біріне сәттілік тіледі. «Елімнің жүрегі – Астана» әні шырқалып, мәдени-сауық орталығының көркемдік жетекшісі А.Қадырова  жиалғандарды құттықтады. «Алғырлар» тобы «Хан шатыр», «Мықтылар» тобы «Нұр-Әлем» кешенінің мүсінін  жасап, викториналық сайыста жарысқа түсті. Қардан мүсін жасау барысында Н.Сайлау, Е.Советбек,Т.Әбдірәсіл, Г.Сапар, Е.Жапар шеберліктерін көрсете білді.

Іс-шараға қатысқан оқушылар мәдени-сауық орталық атынан Алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар­ға ие болды.

Ғалия МҰҢАЙТПАСҚЫЗЫ.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*