Главная » Спорт » Кумыковтың клубынан ұтылды

Кумыковтың клубынан ұтылды

     Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Шахтер» жұма күні өзбектің «Алмалық» клубымен кездесті. Қарағандылықтар бұл матчта қарсылас қорғанысын бұза алмады. 0:2. Айта кетейік, қазір өзбек клубына «Шахтердің» бұрынғы бапкері Виктор КУМЫКОВ жетекшілік етеді.

Матч Ақтөбе облысы аумағындағы автобус өртінің құрбаны болған өзбекстандық азаматтарды үнсіздікпен еске алудан басталды.

Өзбектер матчтағы екі голды да пенальтиден соқты. Қарағандылықтарда бірнеше мәрте есеп ашу мүмкіндігі болды. Әйтсе де, ойын соңына дейін есеп өзгермеді.

Дүйсенбі күні «Шахтер» украиндық «Мариупольмен» ойнады.

Бұл команда былтыр Украинаның бірінші лигасында көш бастап, биыл Премьер-Лигада ойнау құқығына ие болған-ды. Қазір 19 турда 26 ұпай жинап, турнир кестесінің алтыншы сатысында тұр.

Матчта «Шахтер» мықтылық танытты. 17-ші минутта Вячеслав Путинцев, 26-шы минутта Айдос Тәттібаев «Шахтерді» алға шығарды. Ал, украиндар 13-ші минуттағы Болбаттың голымен жауап берді. 2:1.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*