Главная » Спорт » Исламда – алтын медаль

Исламда – алтын медаль

    Теміртаулық дзюдошы Ислам БОЗБАЕВ Тунисте өткен әлемдік гран-при кезеңінде чемпион атанды.

Ислам 90 келіге дейінгі салмақта күресті. Төрт белдесуде де жеңіске жетті.

Алдымен тунистік Жобран Ананды – иппон, словак Петер Жилкуды – вазари, чех Давид Кламертті – иппон ұпайларымен ұтты.

Финалдағы қарсыласы – мажар Криштиан Тот әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған балуан еді. Алайда, Ислам мажарды бірнеше секундта иппон ұпайымен жерге қаратты.

Жиырма алты жастағы Ислам қазіргі таңда «IJF» рейтингісінде 16-шы орында.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*