Главная » Спорт » Жансай – жеңімпаз

Жансай – жеңімпаз

      Тунисте өткен дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңінде Жансай СМАҒҰЛОВ 73 келіде алтынан алқа тақты.

Жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көтерілген балуанмен белдескендер де осал қарсыластар емес. Белдесу барысында, қарағандылық балуан финалда косовалық Акил Кгожаковты тізе бүктіріп, биылғы жылдың алғашқы Гран-при кезеңінде чемпион атанды. Жансай  ширек финалда Франция елінің балуаны Акус Бенджаминді ұтса, жартылай финалда ирандық Мохамед Мохамедиденнен басым түсті. Финалда косовалық Акил Кгожаковты иппон әдісімен таза жеңіске жетті.

Айта кетейік, дзюдодан Тунисте мәреге жеткен Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасының қоржынына соңғы медальді Виктор Демьяненко салды. Балуан 100 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Бұл санатта ирандық Бенджамин Флетчер үздік шықса, ресейлік Рамазан Малсүйгенов күміс жүлдені місе тұтты. Бразилиялық Леонардо Гонсалвеш В.Демьяненкомен бірге қола жүлдеге ие болды.

Нұрдос КӘРІМ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*