Главная » Ресми » Әлеуметтің әлеуеті әлсіремейді

Әлеуметтің әлеуеті әлсіремейді

     Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты өзінің әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді. Елбасының Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына арналған биылғы Жолдауы да сол тәрізді.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында 2017 жылы 59312 адам жұмыспен қамтылды. 49969 адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың аясында іске асырылатын жобалар бойынша 1365 адам жұмысқа орналастырылды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қатысушылардың құрамына 59180 адам енгізілді, оның ішінде 56426 – жұмыссыз, 2054 – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 700 адам – техникалық және кәсіптік оқуға жіберілген мектеп түлектері.

Бағдарламаның бірінші бағытының аясында өңірлік еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 7957 адамды оқыту ұйымдастырылды, оның ішінде:

700 адамды техникалық және кәсіптік оқыту базасында біржолғы ыстық тамақпен тамақтандыру және шәкіртақымен қамтамасыз ету, қаладан тыс жерлерден келгендерге тұруына және жолына материалдық көмек ұсынылады;

7257 адамға қызмет көрсету саласы үшін, тамақтандыруды ұйымдастыру, жеңіл өнеркәсіп және техникалық мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарда дағдылану үшін ұйымдастырылды.

Қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыруға 19 колледж, «Атамекен» ҰКП тізіліміне кіретін жұмыс берушілердің 19 оқу орталығы енгізілді.

2018 жылғы 1 қаңтарда қысқа мерзімді оқуды 6418 адам аяқтады, оның ішінде 76%-ы жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты – кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жеңілдетілген шағын несие беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларын қолдау.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Бастау-Бизнес» ҰКП жобасының аясында өткізілді, одан 1313 адам өтті. Несие алған тұлғалардың жалпы саны 827 адам, бұл 60%-ға жоспардан көп (жылдық жоспар 516 шағын несие). Сонымен қатар, 437 адам (53%) өз ісін ашуға шағын несие алды. Жобаның көпшілігі ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған.

Бағдарламаның үшінші бағыты әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыруды ұйымдастыратын жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қарастырады. Есептік кезеңде мұндай қолдау 1750-ге жуық адамға көрсетілді. Барлығы 2017 жылы 49027 адам, оның ішінде бос жұмыс орындарына 38631 адам жұмысқа орналастырылды.

Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары мен кәсіпкерлікке азаматтарды тарту туралы ақпараттандыру мақсатында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.

Бағдарламаны іске асыру барысында «Бесінші арна» және «Бірінші Қарағанды» телеарналарында Бағдарламаның басты басымдықтары мен 3 бағытын түсіндіруде мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 ақпараттық-насихаттау бейнеролигі, кемінде 738 рет көрсетіліп, «Біздің радиода» 6 аудиоролик кемінде 1098 рет орналастырылды.

Бағдарламаны іске асыру барысы туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде 5 түрлі жаңалық сюжеті мен ақпараттық материал жергілікті телеарнада жүзеге асырылды. Облыстық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттерінде 22 мақала жарияланды.

2017 жылғы 3-5 шілдеде қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округтардың, кенттердің әкімдері және Жұмыспен қамту орталықтарының директорлары мен мамандары үшін 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іс-шаралары мен тетіктері жөнінде 3 күндік оқыту семинары өтті. Бағдарлама аясында қолданылған шаралар ұлттық еңбек нарығына оң әсерін тигізді. Бүгінде ол салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталады.

Еңбек нарығындағы белсенді саясатты іске асыруда барлық қолданылатын шаралар Бағдарламаны іске асырудан бастап салыстырғанда (2016 жылғы 3 тоқсан – 4,9%) 4,7%-ға дейін (2017 жылғы 3 тоқсан) төмендеуіне ықпал етті. Сонымен, жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар санының тұрақты азайғаны, сәйкесінше жалданбалы жұмыскерлер санының өскені байқалады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде 485 аз қамтылған отбасы, 1954 адам тұр, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23,4%-ға аз (2017 жылдың 1 қаңтарына – 638 аз қамтылған отбасы, 2550 адам).

2017 жылы әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 433,2 млн.теңге бюджет қаражаты жұмсалды. Халықтың әлжуаз топтарына барлық әлеуметтік төлемдер уақытылы төленді. Атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, шартты ақшалай және тұрғын үй көмегін төлеу бойынша берешек жоқ.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің есебінде 61843 мүгедек, оның ішінде 4487 мүгедек бала тұр. 2017 жылы протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге 165,5 млн.теңге бөлінді. 2017 жылы мүгедектер 3591 бірлік протездік-ортопедиялық бұйыммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, шипажай-курорттық емдеумен 3718 мүгедек және мүгедек балалар қамтамасыз етілді.

2017 жылы естуі нашар мүгедектерге 1685 бірлік сурдотехникалық құрал (480 есту аппараты; 255 көп функционалды дабылды жүйе; 313 ұялы телефон; 287 нашар еститін адамдарға арналған сағат; 350 веб-камерасы бар ноутбук) және көруі нашар мүгедектерге 2285 дана тифлотехникалық құралдар (437 таяқ; 47 көруі нашар мүгедектерге Брайль жүйесі бойынша жазу құралы; грифелі және рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз; 542 дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер; 630 нашар көретін адамдарға арналған сағат; 139 сөйлеу синтезі бар ноутбук; 490 дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефон) берілді.

Қарағанды облысы бойынша жүріп-тұруы қиын мүгедектер 1016 кресло-арбамен қамтамасыз етілді. 2017 жылы 7 ересек және 10 бала мүгедектер кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етілді.

Халықтың әлеуметтік-әлжуаз тобын бейімдеу және ықпалдастыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты облыстың үкіметтік емес ұйымдары іске асырады.

Сонымен, есептік кезеңде үкіметтік емес ұйымдардың жеті жобасы 81,9 млн. теңге сомада қаржыландырылды, бұл: әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша күндізгі болу жағдайында психоневрологиялық аурулары бар 120 мүгедек балаға және 18 жастан асқан 33 мүгедекке, үй жағдайында 60 мүгедек балаға және 18 жастан асқан 20 мүгедекке, стационар жағдайындағы 50 жалғыз басты мүгедек және қарт адамға, үй жағдайында 30 жалғыз басты мүгедек және қарт адамға, адам саудасының құрбаны болған 7 адамға дағдарыс орталығында қызметтер көрсетілді, сонымен қатар көруде ақауы бар 45 мүгедекке компьютерлік оқыту өткізілді.

Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтерді 10 медициналық-әлеуметтік мекеме, 1 күндізгі бөлімше, 1 оңалту орталығы, 69 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, 3 әлеуметтік бейімдеу орталығы көрсетеді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен 9173 адам қамтылды.

Оның ішінде: 1445 мүгедек бала; 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар 2099 тұлға, 5629 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер. Нақты тұрғылықты орны жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарымен 363 адам қамтылды және Орталықтардың жанында әлеуметтік патрульдің мобильді қызметтері жұмыс істейді.

Қарқаралы қаласында мүгедектерге арналған Оңалту орталығы іске қосылды. Мекеме 64 төсек-орынмен толықтырылып, тиісті физиотерапевтік және механотерапевтік жабдықтармен, жаңа тренажерлері бар емдік дене шынықтыру кабинетімен жабдықталған. Сумен емдеу корпусы қарастырылған (балшықпен емдеу және саунаға бару). Компьютер кабинеттері, әлеуметтік-тұрмыстық бағдардағы кабинет, шаштараз және т.б. кабинеттер бар. Мекеме 4 бірлік автокөлікпен (жолаушы автобусы, санитарлық машина, жүріп тұруында қиыншылықтары бар тұлғаларға арналған автомашина, жеңіл автокөлік) толықтырылған. Мекеменің жұмыс жасай бастаған күнінен бастап, 187 мүмкіндігі шектеулі тұлға арнаулы әлеуметтік қызмет алды.

Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Басқарма «шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, қайта ресімдеу және ұзарту» және «оралман мәртебесін тағайындау» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

Басқарма есептік кезеңде 460 мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың ішінде 190 – шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша, 270 – оралман мәртебесін тағайындау бойынша.

Басқарма өткен жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2018 жылға міндеттер қойды. Осы міндеттердің аясында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын іске асыру аясында жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.

Максим ГАЛИУЛЛИН,

«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*