Главная » Ресми » Қолжетімділік пен сапа – саланың тіршілік қабілеті

Қолжетімділік пен сапа – саланың тіршілік қабілеті

    Қазақстанның әлеуметтік саясатында денсаулықты қорғау басты орын алады. Медициналық көмек сапасын және қолжетімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, денсаулық саласын реформалау және дамыту жалғасуда.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі бірінші кезекте басым мақсаттарды айқындау және оларды шешуге барлық ресурстарды бағыттауға байланысты. Ал, түпкілікті нәтиже денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының индикаторларында белгіленген, халық денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Атап айтар болсақ, жалпы өлім-жітім көрсеткіштері (1,4%-ға), нәрестелердің шетінеуі (4,9%-ға), туберкулезден аурушаңдық және өлім-жітім тиісінше 6,2 және 17,5%-ға, қатерлі жаңа түзілімдерден өлім-жітім 9,7%-ға төмендеді.

Денсаулық сақтау бюджеті 76,4 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,2%-ға жоғары.

Жергілікті бюджеттен 31 денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге 1,9 млрд. теңге бөлінді. Жалпы алғанда ауруханалар мен емханалардың 35 мың шаршы метр алаңы жөнделді.

2017 жылы денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 3,3 млрд. теңге жұмсалды. Қаржылық лизинг механизмін және кейінге шегерілген төлемдерді пайдалану арқылы 672 бірлік медициналық техника сатып алынды.

Жедел медициналық көмектің бөлімшелері үшін 37 реанимобиль сатып алынды, бұл қосымша шаралардың толық кешенімен қатар, бірыңғай диспетчерлік желіні құру арқылы қызметтің жұмыс жеделдігі мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

2017 жылы диспансерлік есепте тұрған науқастарды дәрімен қамтамасыз етуге 8,67 млрд. теңге бөлінді. Облыстың бірқатар аурулар бойынша қажеттілігі 35%-ға қанағаттандырылды.

Ағымдағы жылдың бюджетінде жеткілікті қаражат көлемі қарастырылып (13,7 млрд. тг), науқастарды тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады. Халықтың кең топтарына дәрілік заттарға қолжетімдікті қамтамасыз ету үшін облыстың емханаларында 37 әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді. Келесі қадам – облыстың шалғай жатқан ауылдарына бара алатын екі жылжымалы дәріханалық пункт сатып алу болмақ.

Кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

Облыстың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынатын ұйымдарында 17 мыңнан астам медициналық қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде – 5,3 мыңнан астам дәрігерлер және 12,1 мың орта буын медициналық қызметкерлер.

2014 жылдан бастап облыстың медициналық ұйымдары бейін мамандарды еліміздің ЖОО-ның резидентурасында нысаналы дайындауды жүргізеді, осылайша 2-3 жыл өткен соң маман тапшылығы байқалатын бағыттар бойынша дәрігерлердің келуін қамтамасыз етеді, қазіргі күннің өзінде оқыту аяқталған соң өңірлерге соң 46 маман қайтып келді.

2017 жылы облыстың медициналық ұйымдарына 273 дәрігер жұмысқа орналасты.

Білікті мамандарды облыстың қалалары мен аудандарында бекіту мақсатында оларды қызметтік баспанамен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарлама іске асырылады. Осылайша, өткен жылы Балқаш қаласында жас дәрігерлерге 18 пәтердің кілті тапсырылды, бұл осы қаладағы медициналық кадрлар тапшылығын жоюға мүмкіндік берді. Осындай жұмыс облыстың басқа да өңірлерінде жүргізілуде (Саран, Шахтинск, Абай, Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды).

Бізде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қалыптасқан пулы бар болуына қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге жекеменшік кәсіпорындар белсенді түрде тартылады.

2017 жылы олардың саны 56-ға дейін артты. Бұл медициналық ұйымдар үшін қызметтер нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында көрсетілетін көмек сапасын жақсартуға үлгі болып табылады.

Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттікпен қатар жеке инвестициялар қолданылады, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін пайдаланады.

Осылайша, 4 офтальмологиялық орталық (Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш), Шахтинск қаласындағы гемодиализдік орталық, Жезқазған және Қарағанды қалаларындағы 5 емханада МРТ кабинеттері, Балқаш қаласында КТ кабинеттері жұмыс істейді.

2017 жылы 17 жобаны жүзеге асыруға жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгені құрайтын шарттарға қол қойылды.

Ағымдағы жылы облыстық аллергологиялық орталығы, Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Балқаш қалаларында компьютерлік және магниттік-резонанстық томография кабинеттері, Қарағанды қаласында бір емхана ашылды.

Осымен қатар, болашаққа жасалған жоспар да бар.

2018 жылы тағы 6 шартқа қол қойылатын болады. Нәтижесінде Саран қаласындағы және Жаңаарқа ауданындағы ОАА гемодиализ орталығы, Жезқазған және Теміртау қалаларындағы ересектерге арналған нейрореабилитациялық орталықтар, Қарағанды және Жезқазған қалаларындағы балалар реабилитациялық орталықтары ашылады.

Қарағанды облысында Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кешенді медициналық ақпараттық жүйесі (КМАЖ) енгізілген, ол денсаулық сақтау ұйымындағы барлық ішкі процестерді автоматтандыру және оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жүйенің басты бағыттарының бірі – «Кезексіз емхана». Қазіргі кезде 50%-дан астам емделушілер электрондық сервистер арқылы дәрігерлерге өз бетінше жазылады, бұл «жанды кезектен» емханаға жоспарлы баруға біртіндеп ауысуды қамтамасыз етеді.

Электрондық флюоротеканы енгізу профилактика сапасы мен дәйектілігін күшейтуге мүмкіндік берді. Ақпараттық бағдарлама флюорографиялық тексеруді аты-жөні бойынша өздігінен жоспарлайды.

Жыл сайын 700 мыңнан астам тұрғындардың рентген кескіні деректер базасына енгізіледі және қосарлап оқылады (емханада және туберкулезге қарсы қызмет мамандарымен). Осылайша, профтексерулердің тиімділігін едәуір арттыруға қол жеткізілді және туберкулез ғана емес, басқа да ауруларды анықтауға мүмкіндік туды. Мысалы, өткен жылы флюорографиялық тексерулер жолымен 130 емделушілердегі қатерлі жаңа түзілімдер ерте кезден анықталды. Қазір бұл науқастармен онколог-мамандар айналысуда.

Цифрландыру шеңберінде «ДамуМед» мобильдік қосымшасы немесе пациенттің жеке кабинеті әзірленді. Ол қабылдауға, жазылуға, дәрігерді үйге шақыруға, зертханалық зерттеулер қорытындыларын, рецепттер, аурухана парақтарын алуға мүмкіндік береді. Қабылдауға жазылған емделушілерді push-ескерту арқылы хабарландыру (еске салу) жүйесі енгізілген.

Қосымшаны облыстың 30 мыңнан астам тұрғыны пайдаланады, пайдаланушылардың өсімі – аптасына 6 мыңнан астам.

«Жаңа емхана» жобасы шеңберінде навигация жүйесі енгізіледі, ол КьюАр-код оқу арқылы қажетті маманды тез табуға, және оның жұмыс кестесін білуге көмектеседі.

2017 жылдың желтоқсанынан бастап қағазсыз құжат айналымына көшу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды бастадық, оның шеңберінде облыстың стационарлары мен емханалары ауру тарихын және амбулаториялық карталарды электрондық форматта толтыруға кезең-кезеңмен көшті.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласын әрі қарай дамытуда басым бағыт – аурудың алды алу және саламатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бұл мәселеге президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше ден қойды.

Биыл 2017 жылы денсаулық сақтау саласында қол жеткізген жағымды нәтижелерді баянды ету өте маңызды және Мемлекет Басшысы алдымызға қойған мақсаттарға сай жұмысты жалғастыратын боламыз.

Ержан НҰРЛЫБАЕВ,

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы»

ММ басшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*