Главная » 100 нақты қадам » Жаңа кабинет – жастар игілігіне

Жаңа кабинет – жастар игілігіне

    Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кенті тірек мектебінің ресурс орталығында робототехникамен айналысуға арналған қазіргі заманға сай оқу кабинеті ашылды.

Жаңа жабдықтарды мектеп оқу­шыларына «Шаг» академиясы сыйға тартты. Ол осы әлеуметтік жобаның серіктесі болды. Ноутбуктер мен Arduino UNO роботтарын құрастыру және бағдарламалауға арналған 10 негізгі жиынтықтарды «Робототехника» курсын оқып жатқан жоғарғы сынып оқушылары пайдаланатын бо­лады. Бұл дәрістер оқушылардың инженерлік машықтарын жетілдіріп, шығармашылық ойларын шыңдай түсіруге септігін тигізеді, сондай-ақ, математикалық модельдеуді дамыта­тын болады. Жылжымалы жаңа кабинетті келешекте Ақтоғай ауданының шалғайдағы ауыл мектептеріне шығарып, пайдалану жоспарланып отыр.

Қазір бастауыш және орта сынып оқушылары үшін Лего құрастыру пәндері өткізілуде. Бұл сабақтарда оқушылар Lego құрастыру арқылы сызба бойынша модельдер жасап, өздерінің шығармашылық жобаларын ұсынады. Бұл курсты жалғастыра келе жоғарғы сынып оқушылары С және С++ тілдерін пайдалана отырып, микробақылаушылардағы құ­рыл­ғыларды бағдарламалауды үйренетін болады.

Мектеп түлектері енді өндірістік процесстерді сандық режимге ауыстыру саласында және қазіргі заманғы бизнес-модельдерді меңгеру­ге, ақпараттық технологиялар ше­­шімдерін енгізуге, сандық технология­ларды пайдалануға басымдық ете алатын болады. Білім беру робототехникасы жаңа педагогикалық технология ретінде балалар мен жастарды техникалық шығармашылыққа баулуға, құрастыру машығын дамытуға, модельдеу және бағдарламалауға көмектеседі.

Мектептің инновациялық алаңы тұсаукесеріне «Шаг» компьютерлік академиясының директоры И.Рыбкин және «КАЗБРЕНД» ҚҚ директоры И.Кошляк, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*