Главная » Акция » «Қарлы вахта»

«Қарлы вахта»

   Қарағандыда «Қарлы вахта» акциясы басталды. Еріктілер жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлер тұратын үйлердің аулаларындағы қарды күрейді. Шарапатты шара қыстың соңына дейін жалғасады.

Акцияға қатысушылар соғыс ардагері Виктор Рутскийдің үйінің алдындағы қарды тазалаған.

Біз акцияға студенттерді жұмылдырамыз. Алайда, бізге еріктілердің өздері де телефон арқылы хабарласады. Шараға қатысуға ниеттерін білдіріп жатады. Біздің еріктілер, тек, жеке үйлердің аулаларын ғана тазартады. Көпқабатты үйлердің алдындағы қарды ПИК тазартады. Біздің көмегімізге мұқтаж қариялардың тізімін біз ардагерлер кеңесінен аламыз, – деді Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының жастар жобалары және бағдарламалары секторының жетекшісі Жансая Ижанова.

Егер, сіз қарияларға көмектескіңіз келсе және «Қарлы вахта» акциясына қатысамын деп ниеттенсеңіз, 8 (7212) 504239 номеріне хабарласыңыз. Немесе mrckrg@mail.ru электронды мекен-жайына хат жазыңыз. Сондай-ақ, ардагерлер мен зейнеткерлер де көрсетілген номер бойынша хабарласып, өз ауласын қардан тазалауға өтініштерін білдіруге болады.

Өз тілшімізден.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*