Главная » Хоккей » «Торосты» жерге қаратты

«Торосты» жерге қаратты

    «Сарыарқа» хоккей клубы сенімді басқаруға берілді. Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде команданы қолға алған «SARYARKA» спорт клубы» ҚБ бес жылдан кейін нысанды сатып алуға құқылы.

Сауда барысында спорт кешенінің бағасы алты есе өсті. Тендер былтырғы жылдың 17 қарашасында өтіп, 22 қарашада келісім-шартқа қол қойылды. Бастапқы құны 161 млн. 193 мың теңгені құраған нысан 980 млн. теңгеге сатылды.

Сенімді басқарушыға бірқатар талаптар қойылып отыр. Бастысы – клуб спорт саласындағы бағытын сақтауы тиіс. Сондай-ақ, спортшылар мен бапкерлік-оқытушылық құрамның біліктілігін көтеруге, бұқаралық спортты, балалар, жасөспірімдер командалары мен кәсіби ұжымдардың дамуына назар аударуға міндетті.

Енді, «Сарырқаның» сырттағы ойынына келсек… Сәрсенбі күні қарағандылық ұжым Нефтекамскіде «Торосты» ұтты. 0:3.

Матчтың алғашқы минутында Кирилл Тамбиев есеп ашты. 0:1.

16-шы минутта Олег Ломако есепті 0:2-ге жеткізді. Және арада жарты сағат өте (46-шы минут) осы Олег тағы бір гол салып, дубль жасады. 0:3.

Ал, кеше «Сарыарқа» Пермьде «Молот-Прикамьемен» кездесті.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*