Главная » Басты тақырып » Жаңа дәуірге – жасампаз істермен

Жаңа дәуірге – жасампаз істермен

   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы зияткерлік өнімді әлемдік ұдайы жаңғырту құрылымындағы жаңа технологиялар, үлкен деректер, жаһандық өзгерістер дәуірінде елдің даму бағытын айқындады.

Университеттік білім беру саласында жұмыс істейтін барлық тұлғалар үшін елдің жаңа даму кезеңі, Қазақстанның игілігіне жарайтын әлеуметтік-экономикалық өзгерістер аса маңызды.

Білім беру қоғамдастығы алдына Елбасы «барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді» құру міндетін қойып отыр. Президент адамның үнемі жетіліп, білімі мен дағдыларын жаңарту қабілеттері өмірдегі жеке табысқа жетуіне және еліміздің гүлденуіне жол ашатынына назар аударады. Университет ректоры ретінде қазіргі студент жастардың цифрлық дәуір жағдайында кәсіби ұмтылыстарын жүзеге асыру үшін зор әлеуеті бар және олар инновацияларды қабылдауға дайын екенін дәлелдей аламын.

Мектеп бағдарламаларының мазмұнын жаңарту – заманауи әлеммен тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті креативті тұлғаны тәрбиелеу. Өскелең ұрпақ бойында технологиялық дәуір жағдайында өмірлік қажеті бар дағдыларды меңгеруге ұмтылуды тәрбиелеу үшін сол идеялар мен мақсаттарға ортақтаса алатын ұстаздарды даярлау қажет. Осыған байланысты Президент «жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер» санын көбейту міндетін қойып отыр.

Президенттің жас ғалымдар үшін ғылыми гранттар аясында квота бөлу туралы сөзін ғылыми қоғамдастық шабыттана қабылдады. Бұл жас зерттеушілер ұрпағының идеяларын іс жүзінде іске асыру мүмкіндіктерінің өрісін кеңейтеді.

Бизнесті, өндірістік секторды қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жүргізуге тарту ғылыми идеядан бастап оның нәтижелерін енгізуге дейінгі жолды едәуір қысқартады. Яғни, ғылым өңір мен ел үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталады.

Елбасы үш тілде білім беру тәжірибесін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл ретте, Президенттің жас қазақстандықтардың лайықты болашағына деген қамқорлығын сезінуге болады. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс».

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің үштілді кадрларды даярлау тәжірибесі бар. Бұл бағдарламаны меңгерген түлектер табысты жұмыс істейді, олар ұтқыр шешім қабылдап, қосымша біліктіліктерге ие болып, үздік шетелдік тәжірибені ықыласпен қабылдайды. Қазіргі кезеңде университет мектептерде биология, химия, информатика, математика тәрізді пәндерді ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарды даярлауға кірісті.

Қазақстандықтардың заманауи әлемдік өркениет шыңдарын бетке алған көші қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіру арқылы айтарлықтай ілгері басады. Осы бағыттағы алғашқы қадамдар қоғамның үмітін ақтап, жақсы пікірлерге ие болды.

Барлық деңгейдегі білім беру жүйесінің бүгінгі таңда қалыптасып келе жатқан жаңа парадигмасы енжарлық, үстірттікке, құзыретсіздікке жол бермейді.

Еркін КӨБЕЕВ,

облыстық мәслихат

депутаты,

Е.Бөкетов атындағы

ҚарМУ-дың ректоры.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*