Главная » Аймақ » Балқаш » Бағытымыз – баянды болашақ

Бағытымыз – баянды болашақ

    Елбасының жыл сайынғы Жолдауынан жанына жақын жы­лылық, қолдау мен қорғау тапқан қарапайым еңбек адамы оны асыға күтетін жағдайға жеткелі қашан?! Ел тарихындағы құнды құжатты биыл да тағатсыздана қарсы алдық. Оқыдық та, өзіндік ой түйдік – баянды болашақ бағытында байыпты саясат жүргізілуде.

Президент төртінші өнеркә­сіптік революция жағдайында белгіленген міндетті жүзеге асыру үшін әдеттегідей адами капиталға да басымдық беріпті. Оны «жаңғыртудың негізі» деп бағалады. Адам кез келген өзгеріске шұғыл икемделу қажеттігін шегелеп айтты.

Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ­стандықтардың келешегі қазақ, орыс және ағылшын тілін еркін меңгеруінде екендігіне тағы да назар аударды. Сондықтан, қазір орыс тілді мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа әдістеме­лігі жасалып, қолдану қолға алынған. Үш тілді еркін меңгеру – әлемнің кез келген түкпірінде қысылып-қымтырылмай еркін өмір сүруге мүмкіндік береді.

Елінің тарихын, тілі мен мәдениетін жетік білетін, бірнеше шет тілді меңгерген, озық көзқарасы қалыптасқан қазақстандық қазіргі қоғамның идеалы болуы тиіс. Сондай ұрпақ тәрбиелеу – баршаның міндеті. Кеннен құнарлы концентрат алып машықтанған байытушы оның бағасын жақсы біледі.

Елбасы Жолдауы алға жаңа мақсат қойып, елді гүлдендірудің жаңа мүмкіндігін ашты. Ол бізді бақытты да баянды болашаққа бағыттайды.

Гүлшат ОСПАНОВА,

байыту фабрикасының

флотаторлар бригадирі.

БАЛҚАШ қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*