Ежедневные архивы: 12.01.2018

Ауқымды істің бастауы

   Кеше облыс әкімдігінде облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалығымен Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бағыттары талқылаған облыс активінің жиыны өтті. Алқалы жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек АБДРАХМАНОВ қатысты. Сондай-ақ, облыстық департаменттер мен басқармалар басшылары, аудандар мен қалалар әкімдері, депутаттар, кәсіпорындар, агроөнеркәсіп кешені субьектілерінің жетекшілері, қоғамдық ұйымдар ...

Читать далее »

Ұстазға құрмет

    Облыстық оқу әдістемелік орталығында КСРО оқу ісінің үздігі Рашит ХАСЕНОВ атындағы мұражай ашылды. Мұражай Қарағанды өңірінің білім беру жүйесінің даму барысынан сыр шертеді. Жалпы, облыста білім беруге қатысты тарихи мұражай ашуды алғаш 2017 жылы облыстық білім басқармасы ұсынған. Бұл бастаманы педагогикалық еңбек ардагерлері мақұлдап, мұражай ісі, білім беру саласы, ақпараттық технологиялар мамандары қолдау білдірген. Облыстың білім саласының дамуына еңбегі ...

Читать далее »

Жаңа жылда – жаңа талап

    Жуырда облыстық ішкі істер департаментінде Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды түсіндіру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға құқық қорғаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандығын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауға бағытталған заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау. – Әкімшілік жазалау ...

Читать далее »

Балабақша кезегі азаяды

    Балабақша кезегіне тұру өзекті мәселеге айналғаны қашан?! Әсіресе, Қарағанды шаһарының тұрғындары осы мәселенің шешілуін асыға күткен-тін. Биыл балабақша кезегін «сарғайып» күтетіндердің қатары азаятын болды. Бұл туралы қаладағы балабақшалар директорлары қатысқан жиында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Любарская мәлімдеді. Жалпы, Қарағандыда 104 балабақша болса, оның ішінде 42-сі – мемлекеттік, 19-ы – шағын орталық және 43-і – жекеменшік балабақша. Осы 43 балабақшаның ...

Читать далее »

Сенімді басқаруға берілді

    Қарағанды облысында «Гиппократ» Медициналық фирмасы» ЖШС сенімді басқаруға екі емхананы алды: Қарағандының №2 емханасы мен Теміртау қаласының №2 емханасы. Денсаулық сақтау нысандары бәсекелестік ортаға жекешелендірудің екінші толқыны аясында берілді. Келешекте сатып алу құқығы бар сенімді басқаруға беру бойынша сауда 2017 жылдың 29 қыркүйегінде өтті. Келісімшарттар 2017 жылдың 13 қазанында жасалды. Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданы «3-ші Кочегарка» көшесінде орналасқан №2 ...

Читать далее »

ҒАЛЫМ. ҰСТАЗ. ЭНЕРГЕТИК

     Энергетика саласындағы қазақ қыздарының ішіндегі ғылым кандидаттарының алғашқы қарлығаштарының бірі, бірі емес бірегейі – Паруза Келмағамбетова. 1972 жылы Қарағанды политехникалық институтының «Жалпы электротехника және электротехниканың теориялық негіздері» кафедрасының меңгерушісі, доцент А.Яковлевтің шақыруымен, жарияланған конкурстан өтіп ассистент болып жұмысқа алындым. Тамыз айының соңғы декадасында әдетте кафедра оқытушылары жинала бастайды екен, бәрімен танысып шықтым. Құттықтап, сәттілік тілеген лебіздерін естіп, риза болдым. ...

Читать далее »

Ширек ғасыр сахнада

   Абай аудандық Мәдениет үйінде белгілі әнші, бірнеше республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Боташ НОҒАЕВАНЫҢ шығармашылық кеші өтті. Биыл – әншінің сахнада өнер көрсетіп жүргеніне ширек ғасыр. Боташ Ноғаеваның қазақ сахнасында орны бөлек. Оның орындауындағы әндер өз тыңдарманын тапқан. Әнші жиырма бес жылдан бері ән өнерінің дамуына өз үлесін қосып келеді. Әншінің әнін сағынған жұрт Мәдениет үйінің кең залына жиналды. ...

Читать далее »

«Торосты» жерге қаратты

    «Сарыарқа» хоккей клубы сенімді басқаруға берілді. Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде команданы қолға алған «SARYARKA» спорт клубы» ҚБ бес жылдан кейін нысанды сатып алуға құқылы. Сауда барысында спорт кешенінің бағасы алты есе өсті. Тендер былтырғы жылдың 17 қарашасында өтіп, 22 қарашада келісім-шартқа қол қойылды. Бастапқы құны 161 млн. 193 мың теңгені құраған нысан 980 млн. теңгеге сатылды. Сенімді басқарушыға бірқатар ...

Читать далее »

Араб елін Қыпшақтан шыққан 25 сұлтан басқарған

   Бір заманда Бейбарыс сұлтан бабамыз жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген. Мәмлүк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткеннен кейін Бейбарыстың асқан қайраткерлігі мен батырлығының ар­қа­сында ата мекенімен қауыш­қан. Оған мысал, Бейбарыстың дәуірінде ғұмыр кешкен тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс – жауынгерлігі жа­ғы­нан Гай Юлий Цезармен ...

Читать далее »

Авто мiнген аңшылык немесе әуейі жастар қайда барады?

Ұятсыз, арсыз салтынан… Абай. Режиссер Ақан Сатаев ағамыздың жа­қында жарыққа шыққан «Анаға жол» фильмі жүрегі қазақ деп соққан көрерменнің жүрегінен орын аларына қуанып қайтқаным бар кинотеатрдан. Әсерінен көзіме жас үйіріліп, дүние деп тулаған асау жүрек байыз тапқандай күй кешірдім. Ұлттық қасиетіміздің жарқын тұстары менің санамнан ойып орын алғандай бойға қуат, ойға шуақ, ішкі түйсігіме сілкініс берді. Содан туған ой бүгіндері ...

Читать далее »