Главная » Рухани жаңғыру » Болашақ бағдары

Болашақ бағдары

          Жуырда Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Латын әліпбиі: Рухани тәуелсіздік жолы» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында, латын әліпбиі терең қаузалып, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының аға оқытушысы Ж.Қағазбаев, профессор, филология ғылымдарының докторы, тілші ғалым, лингвист А.Әділова, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының әдіскері М.Ағымбаев қатысып, келелі ойларын ортаға салды. Семинарды ашып, жүргізген Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдин латын әліпбиінің еліміз үшін маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Жаңбырбай Қағазбаев «Латын әліпбиіне көшу – өркениетті шешім» тақырыбында баяндама жасады. Тіл – ұлттық кодтың бастауы, рухани жаңғырудың арнасы, халықтың жан-дүниесі, мемлекеттің бет-бейнесі екенін айтты. Сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы Алмагүл Әділова, тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева латын қарпінің тиімділігі мен маңызына тоқталды.

Осы күні аудандық «Ұлағат» қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ертай Жәнібеков, білім бөлімінің әдіскері Толғанай Меңдібаева, жазушы Кәмел Жүністегі соңғы ұсынылған үтірлі белгісімен көрсетілген әріптер турасында өз пікірін ортаға салды. Ал, аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Берікбол Амангелдин болса, өз тілегін өлеңмен жеткізді. Жиын соңында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін «Қазтест» жүйесі бойынша жоғары ұпайға ие болған бір топ қызметкерге арнайы сертификат табысталды. Сонымен қатар, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған аудандық мемлекеттік мұрағат қорындағы 1930 жылдардағы латын қарпінде жазылған құжаттар қойылды.

Өз тілшімізден.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*