Главная » Рухани жаңғыру » Қазақстанның киелі жерлері

Қазақстанның киелі жерлері

    Кеше М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында «Отанымыздың қасиетті жерлері» атты танымдық бейнесаяхат ұйымдастырылды.

Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Шара жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезіміне тәрбиелеу, рухани және мәдени құндылықтарды нығайтуды көздеді.

Шара барысында кітапханашылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан бастау алған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер» бағдарламаларын іске асыру жолдары кеңінен талқыланды. Қазақстанның киелі орындары туралы бейнетаспалар оқырмандар назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, қатысушылар «Отанымыздың қасиетті жерлері» атты кітап көрмесімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

А.КӨШЕРБАЕВА,

Қарағанды қалалық орталық кітапханалар жүйесінің кітапханашысы.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*