Главная » Аймақ » Қарағанды » «Жеті жұрттың тілін біл»

«Жеті жұрттың тілін біл»

     Қарағанды экономикалық университеті, қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы ұйымдастырған «Тіл білгірі» пәндік олимпиадасы барысында Қарағанды қаласы, Абай, Бұқар жырау аудандары мектептерінің 9-11 сынып оқушылары әр ұлттың өкілі бола тұра, мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуге деген құлшыныстарын,  қазақ тілінің шұрайлы да сан алуан сөз байлығын қалай игергендерін көрсете білді.

Шынымен де, еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас буын ел ертеңі үшін қызмет ететін болашақ маман екені белгілі. Еліміз бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің қатарынан көрінуі үшін жастарымыз білімді, тәрбиелі, отаншыл әрі мәдениетті болуы керек.

Осы орайда, еліміздің жастарын, жалпы Қазақстан халқын бір арман мен мұратқа біріктіретін күштің бірі – мемлекеттік тіл. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екенін жыл сайынғы Жолдауларында үнемі айтады.

Пәндік олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесін көрсету, мектеп оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша білімдерін тексеру.

Пәндік олимпиадаға барлығы 250-ден астам оқушы қатысты. Шараға қатысушы оқушылар университеттің тыныс-тіршілігімен танысты. Қарағанды экономикалық университетінің студенттері мен оқытушылары олимпиадаға келген мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауда кәсіптік бағдар бере отырып, өз ақыл-кеңестерін берді. ҚЭУ-де оқытылатын мамандықтар туралы ойларымен бөлісті. Ал, мектеп ұстаздары мен оқушылардың жетекшілеріне қосымша білім беру және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаменті мамандары магистратура мен докторантурада білім жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.

Шұға АҚАТАЕВА,

Қарағанды экономикалық

университетінің доценті,

филология ғылымдарының кандидаты. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*