Главная » Аймақ » Нұра » Ауылға қамқорлық

Ауылға қамқорлық

  Жаңа жыл қарсаңында Баршын ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді. Ауылға  «Beelinе» ұялы байланысы орнатылды.

Бұл игілікті іске мұрындық болған ауыл азаматы, аудандық мәслихат депутаты  Боранбай Мұханалиев. Ауылына жанашыр азамат депутат болып сайланған бірінші күннен бастап осы мәселені қолға алып, «Beeline» компаниясына бірнеше хат жазған болатын. Содан компанияға хат қарай келген тұрғындар саны 1000 болатын елді мекендерді телефондау туралы тапсырмаға сәйкес, осы мәселені өз жоспарларына енгізіп, жобалау сметалық құжаттарды әзірлеп іске кіріскен еді.

Өткен жылдың соңғы күндеріндегі ауа райының қолайсыздығына қарамастан – «КаР-Тел» ЖШС компания басшылығы Алексей Малышев басқарған облыстық бөлімше мамандары тынымсыз еңбектеніп, тұрғындарға жаңа жылдық керемет тарту жасады.

– Бұл байланыс біздің ауылға өте қажет еді. Сыртта балаларымыз, туған-туыстарымыз бар. Ауа райының қолайсыз кездерінде жолға шыққан жолаушылармен байланысып отыру үшін ыңғайлы. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген. Алдымен ауылымызға қамқор болып отырған Боранбайға  берер батамыз мол, – дейді ауыл ақсақалы, Нұра ауданының Құрметті азаматы Балғабек Нұрғалиев.

Бұл жоба «Beeline» компаниясының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Бикен АХМЕТОВА,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

НҰРА ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*