Главная » Аймақ » Шет » Астарлы әзіл кеші

Астарлы әзіл кеші

    Жуырда Шет ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі аудан әкімінің жүлдесі үшін облыстық «Жайдарман»  фестивалі өтті. Фестивальге  облысқа қарасты қалалармен аудандардан 14 команда қатысты.

Жас әзілкештер өнер көрсетеді дегеннен елең еткен жастар залға лық тола жиналды. Сөздері орақтай, ойлары салмақты жайдарманшылар барынша көрерменнің көңілін тауып, қазылар алқасының ойынан шығуға тырысты.

Ойын барысында әрбір құрама залға жиналған дүйім жұрттың көңілін өздеріне аударта білді. Барлық сайыскерлер сайысқа сақадай сай келген. Қоғамдағы түйткілді мәселелерін қалжыңмен түйреп, шынайы әзілдерін моншақтай тізді.

Фестивальге қатысқан командалар арасынан өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білген Шет агротехникалық колледжі құрама командасы үшінші орын жүлдесі 30 000 мың теңгенің сертификатын жеңіп алса, Қарағанды «Еркін» құрама командасы вице чемпион атанып 50 000 мың теңгенің сертификатына қол жеткізді. Қарағанды №58 мектептің «5,8» командасы чемпион атанып, 70 000 мың теңгенің сертификатын алып, мерейлері үстем болды. Фестивальге қатысушыларға дипломдар мен кубоктар табыс етілді.

Өз тілшімізден.

ШЕТ ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*