Главная » Аймақ » Қарағанды » Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

Баршаңызды келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтаймыз!

Өтіп бара жатқан Тауық жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды.

2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Бұл – кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мәртебелі міндет. Астанада жоғары деңгейде «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі өтті. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткізгенімзді де айтпай кетуге болмас. Алматыда Қысқы Универсиада өтті. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысты. Еліміз одан басқа да бірқатар жетістік пен жеңіске қол жеткізді.

Осының барлығы тәуелсіздігімізді алғалы 26 жылдың ішінде Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Сарыарқа төріне жайғасқан Қарағанды қаласы үшін де өтіп бара жатқан жыл табысты, жетістікке толы кезең болды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүздеген отбасы қоныс тойларын тойлап, бірқатар тұрғын үй аулалары жөндеуден өтті. Жүз шақырымдай жол жөнделіп, бірқатар балабақша мен мектеп білім қуған жасөспірімдерге есігін айқара ашты. Жалпы қаламыз үшін өтіп бара жатқан жыл жемісті болды. Алдағы 2018 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ. Келер жылға қойған мақсат-міндетіміз де аз емес.

Жаңа жыл қарсаңында береке-бірлігі жарасқан қала тұр­ғындарына зор алғыс айтамын! Ел қуатты болмай, бақ тұ­рақты болмайды. Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады. Біз енді тәуелсіз еліміз үшін жаңа 27 жылдықтың жарқын парағын ашамыз. Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, елімізге бүгінгіден де биік жетістіктер тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қаласы мәслихатының хатшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*