Главная » Саясат » Өнеркәсіп » Шағын кәсіпорындар әлеуетті

Шағын кәсіпорындар әлеуетті

Облыстың 2017 жылғы ІІI тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын, шағын кәсіпорындарындағы орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны 82392 адамды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың ең көбі көтерме және бөлшек саудада, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде – 26,2%, өнеркәсіпте – 19,8%, құрылыста – 14,8% шоғырланған.

2017 жылғы ІІI тоқсанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындарда, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 88693 теңге. Ең жоғарғы орташа айлық жалақы – 204382 теңге электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау кәсіпорындарында анықталды, ең төменгі жалақы – 50837 теңге өзге де қызметтер түрлерін ұсыну ұйымдарында қалыптасты.

2017 жылғы ІІI тоқсанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындарда өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі – 173,6 млрд. теңге сомасында қалыптасты, мұндағы 30,1% – құрылысқа, 28,4% – өнеркәсіпке, 22,5% – көтерме және бөлшек саудаға, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге келеді.

2017 жылғы ІІI тоқсанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижесі пайда ретінде 36,1 млрд.теңгеде анықталды. Ең көп пайда 12,2 млрд. теңге көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, 11,3 млрд. теңге құрылыс және 8,9 млрд. теңге өнеркәсіп ұйымдарында.

Мәліметтер облыстық статистика департаменті

деректері бойынша дайындалды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*