МЫСАЛ

    Арайлым Рахманқызы Сағын Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 1998 жылы маусым айының 13 жұлдызында дүниеге келген. 2003 жылы алғаш рет №19 жалпы білім беру орта мектебінің табалдырығын аттаған, 2008 жылы Қызылтөбе лицейіне ауысқан. Сол жылдары әдебиет пен шығармашылық өнерге қызығушылығы артып, бірнеше мектепаралық, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, өз бағын сынап жүлделі орындарға ие болған. 2015 жылы «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне «Серпін» бағдарламасы бойынша грантпен оқуға түскен. Қазір үшінші курс студенті. Өлең шығару қабілетін алғаш болып кураторы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жеңіс Иманов байқап, қазіргі уақытқа дейін жігер беріп, қаламының ұшталуына көмегін тигізуде.

МЫСАЛ

Ұшып келіп, қона қалды

ерніме

Қандала ма, маса ма

әлде бірдеңе.

Қарызға деп қанымды ішіп

бір шелек,

Зу-зу етіп ұшып кетті жөніне.

Скелеттен аумай қалдым

өзім де,

Үңірейіп кетіпті қарашық

көзім де.

Қарызға деп алып кеткен

қанымды,

Маса әккі тұрмады ғой

сөзінде.

Апта күттім, ай да күттім

келмеді,

Маса, шіркін, қанымды

әкеп бермеді.

Алаяққа сеніп қалып,

достарым,

Әр пенденің болып қалма

ермегі.

АДАЛ ЕҢБЕК

Мәңгілік дос болмайды

алтын, мүлік,

Жүрміз бе осы өмірдің

парқын біліп?!

Бақытты өмір — адал тер

төккен сәттер,

Нанын жесең отбасыңмен

жарқын күліп.

Істеген іс түзде, мейлі,

кеңседегі,

Алланың нәсібімен өлшенеді.

Еңбектегі әр минут бір нәсібе,

Үлкен жүкті түсірер еңседегі

Жалқаулар көп жүретін

ойлап жаңсақ,

Жатып алып армандар

тәттіні аңсап.

Жақсы өмір кепілі ғой адал

еңбек,

Түсінбейді, ойлағаны билік,

мансап.

Ерінбей еңбек етсең шыдап

егер,

Жан дүниең таза болса елің

сенер.

Тату-тәтті өмір де,

байлығың да,

Бар бақыт еңбекпенен өзі

келер.

Арайлым Сағын,

ҚарМТУ ЭЭ-15-1 тобының студенті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*