Главная » Спорт » Самбо – мықтылар сайысы

Самбо – мықтылар сайысы

     Жақында самбо күресінен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогіне арналған ұлдар мен қыздар арасындағы қалалық ашық чемпионат өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Каракулов самбо – әскери-қолданбалы өнер екенін айта келе, бүкіл дүниежүзі бойынша кеңінен қанат жайған спорт түрін дамытуға қолбасшылық тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Жарыс қорытындысында өзге де мықтылармен қатар, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымында жедел қимылдайтын «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Е.Мұқашевтың қызы Мариям Хамзенова үздік деп танылды.

Өз тілшімізден.

Суретті түсірген

Думан Құрманғалиев.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*