Главная » Аймақ » Абай » Абай ауданында жаңа басшы

Абай ауданында жаңа басшы

     Кеше Абай ауданының әкімі қызметіне Бауыржан АСАНОВ тағайындалды.

Бауыржан Қоңырбайұлы 1968 жылы Қарағанды қаласында туған.

Үш жоғары білімі бар.

1992 жылы К.Скрябин атындағы Москва ветеринарлық академиясын – ветеринар дәрігер, 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін – заңгер және 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.

1992-1996 жылдары – «Нұра» АҚ ветеринар дәрігері, шебері.

1996-2006 жылдың наурызы – «АЗиЯ» ЖШС директоры.

2006 жылдың наурызынан бастап «Қарағанды қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бастығының міндетін уақытша атқарушы, «Қарағанды қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бастығы болды.

2007-2009 жылдың маусымы аралығында «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-ні басқарды.

2009 жылдың маусым айынан 2011 жылдың желтоқсанына дейін «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ Жер пайдалануды жоспарлау және болжау бөлімінің бастығы болды.

2011 жылдың желтоқсан айынан 2012 жылдың маусымына дейін Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.

2012 жылдың маусымынан 2013 жылдың қаңтарына дейін Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды.

2013 жылдың қаңтар-қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасына басшылық жасады.

2013 жылдың қарашасынан 2016 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.

2016 жылдың шілдесінен осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*