Главная » Аймақ » Абай » Ономастика кеңістігіне – төл бояумен

Ономастика кеңістігіне – төл бояумен

   Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ айтқандай, «Халық жерге ат қою арқылы елінің тарихын да жазып отырған. Тәуелсіз мемлекеттің бір белгісі оның ұлттық нышандары десек, сол ұлттық нышандар елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың аттарынан да көрініп тұруға тиіс…». Ономастика кеңістігін өзінің төл бояуларымен, төл нақыштарымен өрнектеуге берік бағыт ұстану – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбековтің 2016 жылғы 20 шілдедегі №6-1 тапсырмасына сәйкес, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты жекелеген көшелер мен нысандарға атау беру және оларды қайта атау бойынша Абай ауданында 15 көше атауы (Ақбастау а/о – 8 көше; Құлаайғыр а/о – 7 көше) қайта аталды. Нормативтік-құқықтық актіні әділет органдарына мемлекеттік тіркеу үшін тиісті жұмыстар аяқталды. Қала, кент, ауыл және ауылдық округтерде арнайы өкіммен жұмыс тобы құрылып, зиялы қауым өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылдың мамыр айында «Ономастика жұмыстарын тиімді жүргізу және ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілер» атты семинар-кеңес өткізілді. Ономастика бағытына арналған жұмыстар барысы аудан әкімінің аппараттық отырысында тұрақты қаралып тұрады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары М.Тәжиннің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 17-32-18.236, тапсырмасы аясында бүкіл ел аумағында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар өзгертілуі тиіс, сонымен қатар, әкімдіктер елді мекендерге, олардың құрамдас бөліктеріне, нысандарға атау беру, оларды қайта атау кезінде халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің 28.02.2017 жылғы № 17-388-5 тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің идеологиялық ескірген атауларды өзгерту туралы 2017 жылдың 1 тамыз айындағы №17-32-18.236 тапсырмасына сәйкес, Абай ауданы бойынша Ленин, Совет, Октябрь, Комсомол атаулары заман талабына сай біріздендіріліп, облыстық ономастикалық комиссиясынан қолдау тапты.

2017 жылы аудан бойынша барлығы 54 көше және 1 елді мекен атауын қайта атау туралы қоғамдық көпшілік тыңдаулар өткізілді. Қоғамдық тыңдауларға қатысқандар – 949 адам, қоғамдық тыңдау барысында қолдағандары – 547 (58%), қарсы болғандары – 402 (42,%). Нәтижесінде, 35 көше және 1 елді мекен атауын қайта атауға көпшілік келісімін берді. Көпшілік қоғамдық тыңдау барысында қолдау таппаған 19 көше атауын қайта атау жұмыстары қайтадан қолға алынып, 2018 жылдың І жартыжылдығында тиісті жұмыстар атқарылады.

Абай ауданында идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды өзгертуді қажет ететін, сонымен қатар, елді мекендерге, олардың құрамдас бөліктеріне, нысандарға атау беру, оларды қайта атау кезінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу одан әрі жалғаса береді.

Э.АХМЕТЖАНОВА, 

аудандық ішкі саясат,

мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің

бас маманы.

АБАЙ ауданы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*