Главная » Руханият » Ел бақыты – еркіндік

Ел бақыты – еркіндік

«Қазақстан дейтін менің

бар елім,

Жатыр алып жарты

дүние әлемін.

Бұл даланы анам

жаспен суарған,

Бұл далаға жылап

келіп қуанған»

(Қасым) Қазақ елінің қазіргі басты байлығы – азаттық!

 

Доскей ауылында осы мерекеге арналған шара музыка мектебінің акт залында өтті. Ауыл әкімі Ә.Байғожин тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, «Тәуелсіздік тұғыры» атты ақпараттық көрме ұйымдастырылды. Кеште «Ақбота» балабақшасы, Елтай орта мектебі, кітапхана және музыка мектептерінің ұжымдары, сонымен қоса, келешек жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосып жүрген Қарағанды қаласы №31775  әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Өнерпаздардың ән-күйі мен биін тамашалаған көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

                                                                      Дариға БІЛӘЛОВА,

мәдени шараларды ұйымдастырушы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*