Главная » Руханият » Поэзия » «Есігін ескіліктің жауып тастап…»

«Есігін ескіліктің жауып тастап…»

Көптен күткен

Ұлы күн

Ел жайын елемейтін «ерен» едік,

«Данышпан, білгір, түпсіз

терең» едік,

Ұлт қамын, ұлдың

барын ұмытардай

Құдай-ау, неткен сонша

керең едік.

 

Дарынды қарындыға теңеп едік,

Алдымен ақылдыны шенеп едік.

Қазақтың құдай

сүймес қылықтары,

Әлі де қыр соңымнан келеді еріп.

 

Көнтақым, қиындыққа емен едік,

«Көзі ашық» келгендерден

төмен едік.

Алдында сапқа

тұрған солдаттарша,

Қалқайып қалушы едік, шегеленіп.

 

Тарихты бұрмалауға шебер едік,

Даланың жан айқайын елемедік.

Есігін ескіліктің жауып тастап

«Құдай жоқ, дін – апиын»

деген едік.

 

Табылып қойған

жерден шөмеленіп.

Сұмдық-ай!

Тілімді де тіл демедік!

Басқаның бабын тауып

күн кештік-ау

Жатқанда ұлтымыздың өнері өліп.

 

Осылай күн өткізіп желе бердік,

«Ақсарбас» ағамызға ере бердік,

Ойпырмай!

Опат бола жаздаппыз-ау,

Келмесе көптен күткен Егемендік!

 

Қазақтың қыздары

Жақсыны таныр болар жағасынан,

Алып та туар деген анасынан.

Қазақтың қарапайым қызы барда,

Тұрады бұралып би,

жарасып ән.

 

Көп елден қатардағы оза білген,

Қазаққа көп қасиет қона білген.

Тарихтан аналардың арқасында,

Бұл қазақ қарын бөле бола білген.

 

Мәншүктей,

Әлиядай жау жайратқан,

Арулар аз болмаған қылар мақтан.

Кешегі Айғаным мен Ұлпан ана,

Айта алған алқа топта билік,

тоқтам.

 

Ананы атамаған ер деп тегін,

Қыздарсыз желбіремес алау көгің.

Желбуаз желтоқсанның

жел өтінде,

Өрлігін арулардың көрмеп

пе едің?

 

Қыздары ерге пана,

елге қорған,

Ұрпағын тайдырмаған

сара жолдан.

Мінезі қарапайым қазағымдай,

Айналдым қыздарынан

Ана болған!

Салшы, досым, «Сырымбетке!»

(Абылай Шуланбаевқа)

Жан едің сүйегі асыл, түбің текті,

Баурады ән салғанда үнің көпті.

Қолыңа домбыраңды

ал да, шырқа,

Әуелет ал, кәнеки, «Сырымбетті!»

 

Тыңдасын, сусындасын дүйім елің,

Жанарға осы сәтте үйіре мұң.

Қыз-қырқын ықыласын

аударды әне,

Маңғазым, маза таппай сүйінерім.

 

Ал, кәне,

Бөгелме енді,

көтер үнді.

Жүрекке жеткіз ғажап шекеріңді.

Сері Ақан оралғандай ортамызға,

Мерейі шаңырақтың көтерілді.

 

Көтерілді көңілім әрі-сәрі,

Қазір, міне, әуелеп ән ұшады.

Әнмен бірге  жанымыз жадырайды,

Жұлдыздар да тосады тамашаны.

 

Баяу ғана төбеде ай қалықтап,

Көкті тербей кезеді ой шарықтап.

Қарт аңсайды жастығын

сәл күрсініп,

Кейуана да ішінде бір солық қап.

 

Дәл осылай жиналған ел толқиды,

Жүріп өткен сан тарау

жолды қилы.

Баста, досым,

әуелет «Сырымбетті»,

Ел ғана емес,

Қырат-жон, бел толқиды.

 

Иә, әруақ!

Ал, баста!

Уа, ағайын!

Босатшы бір көңілдің құралайын.

Алдарыңда Абылай ән салады,

Даусынан да, өзінен айналайын!

 

Қасым және өлмес

өлең одасы

Бар ағасы жарыса еркелеткен,

Қыран ақын,

санамды көркем еткен.

Шамшырағым, өзіңді тұғырыңда,

Күнде көрем түсімде мен етектен.

 

Аққорадан естілер бір азалы үн,

Шын тазасың, таныды бар қазағың!

Тасқын судай сарқырап

сен ақпасаң,

Қалар еді ортайып жыр қазаным.

 

Мың сиқырмен жанымды

тербесе әлем,

Жақсылыққа әркезде  селбес өрем.

Өле-өлгенше менімен бірге болар,

Қасым және

ол жазған өлмес өлең!

 

Марат ШАЙХИН.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*