Главная » Спорт » Ала допты алақанда ойнатты

Ала допты алақанда ойнатты

    Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қарағандылық ішкі істер органдары мен күштік құрылымдар өзара волейболдан турнир өткізді.

Жарыс жалауы «Динамо» ДШҚ спорт залында желбіреді. Ойын барысында қатысқан 10 команданың барлығы да тартысты кездесу өткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша, І орынды ІІД аппараты командасы, ІІ орынды ІІД «Айдауыл» қызметі ротасы, ІІІ орынды облыстық ТЖД командасы иеленді. Сонымен қатар, «Үздік шабуылшы», «Үздік пас беруші», «Үздік ойыншы» номинациялары тапсырылды.

Өз тілшімізден.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*