Главная » Аймақ » Нұра » Елім деген азаматтар

Елім деген азаматтар

Қазақ елінің Тәуелсіздігін алған сәттен бері медицина саласы қарқынды даму үстінде. Халқымыз қашаннан-ақ денсаулықты – бірінші байлық деп білген.

Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ, даңқ қымбат па?» – деп сұраған екен. Сонда ол: «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру адамнан дені сау адам бақытты. Ал, бақыт – әр адамның өз күш-жігерін халқына, ұрпақ тәрбиесіне жұмсауы, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болуы», – деген екен.

Көп жылдан бері Шұбаркөл кентінде жедел-жәрдем көлігіне сұраныс жасап, әр жиналыста сөз қозғаушы едік. Өйткені, ауданнан шалғай орналасқандықтан, жақын деген Жезқазғанның өзі 250 шақырым болғандықтан, ауыр науқастарды жеткізу қиямет-қайым болатын. Халықтың өтінішін жерге тастамай, осы іске қолғанат болған, дәрігерлік қызмет көлігін бөлуге ықпал еткен аудан әкімі Ниқанбай Омархановқа, Нұра аудандық орталық ауруханасының басшысы Бақтыгүл Мұқышоваға, кент әкімі Кәрім Жазалиевке мың да бір рақметімізді айтқымыз келеді.

Халықтың алғысын арқалаған аптал азаматтарымыз уақыт талабына лайықты жауап бере алуы үшін білімі мен бай тәжірибесін аянбай жұмсап, мақсатқа жету жолында маңдай терлерін төге берулеріне, еңбектерінің жемісті болуына тілектеспіз.

Шұбаркөл кентінің тұрғындары.

НҰРА ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*