Главная » Спорт » Гена — үздіктер сапында

Гена — үздіктер сапында

    Дүниежүзілік бокс кеңесі жыл сайын үздік боксшыны анықтауды дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Шын мықтылар қатарынан орын алуға үміттілер қатарында жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН бар.

«Sports.kz» басылымының хабарлауынша, «Қарағанды қабыланының» есімі үміткер ретінде бірнеше аталымда тіркелді.

Гена «Жылдың үздік боксшысы», «Үлгілі чемпион» аталымдарында топ жаруға үмітті. Сондай-ақ, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегі «Жылдың үздік жекпе-жегі» және «Жыл оқиғасы» аталымдарында аталып отыр. Естеріңізге сала кетсек, бұл кездесу тең нәтижемен аяқталған еді. Геннадий кәсіпқой бокс карьерасында тұңғыш рет тең түсті. Қарымта жекпе-жектің өтер мерзімі алдағы уақытта белгілі болмақ.

Генаға қолдау көрсеткіңіз келсе, Дүниежүзілік бокс кеңесінің сайтына кіріп, дауыс беруге болады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*