Главная » Билік » Президент » «Әзіл айтсаң, әділ айт»

«Әзіл айтсаң, әділ айт»

    Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ – журналистермен өткен кездесулерде жиі қалжыңдайды. Жұмыс сапарлары барысында түрлі мамандық өкілдері жайлы әзіл айтып жүреді. Кей сәттерде Президент қалжың-шыны аралас әзіл айту арқылы мемлекеттер арасында дипломатиялық келісімге келуде оңтайлы жол табады. Саяси әзілдерімен елімізде өтетін салтанатты жиындарды да ресмилендірмеуге тырысады. Осыдан-ақ, Елбасының әзілге жақын жан екенін, табиғатының әзілдесуге бейім тұратынын байқауға болады. Адам жанын жадырататын шындығы басым кейбір әзілдерді Ислам діні де сүннетке сай дейді екен. Ал,  қазақ «Әзіл түбі – зіл» дейді. Ендеше, назарларыңызға  ел жадында естелік болып қалған Елбасының әзілдерін ұсынамыз.

♦ ♦ ♦

Отандық телеарналардағы «Тәуел­сіздік тағылымы» арнайы жобасында Нұрсұлтан Назарбаев 1997-2000 жылдар аралығында “Қазақойл” МТҰК” ЖАҚ вице-президенті болып тұрған кезінде Каспий теңізінің 1998 жылғы бөлу бойынша құжатқа қол қою сәті жайлы айтып береді. Қарабалиннің айтуынша, құжатқа Мәскеуде 6 шілдеде қол қойылды, бұл Президенттің туған күні болатын.

«Өзің білесің ғой, кейде 6 шілде көмектеседі», – деп жауап беріпті Елбасы әзілдеп Қарабалинге. «Бізде аяз қатты, қалпағыңды емес, адамның өзін ұшырып әкетеді. Ал, жазда мұнда қандай масалардың болатынын білесіңдер ме?», –  деп әңгімелейді Елбасы жобада.

♦ ♦ ♦

Елбасы Алматыда 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылуында сөйлеген сөзінде:

«Жуырда менен шетелдік сарапшылар «Алматыда қар жаумай қалса қайтеміз?» деп сұрап жатыр. Мен еркін түрде «Астанадан әкелеміз» деп жауап бердім. Құдайға шүкір, Алматыда қазір қар жеткілікті» деген болатын.

♦ ♦ ♦

2016 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында жаңа жылдық қайырымдылық бал кезінде Үкімет мүшелерімен әзілдесті.

«Үкіметтің барлық мүшелері Жаңа жылды Үкіметтің ғимаратында қарсы аламыз деп шешті. Жаңа жылды қайда қарсы алсаң, сол жерде өткізесің…», – деп қалжыңдады Елбасы.

♦ ♦ ♦

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында  Теміртау қалалық тарихи-аймақтық музейдің директоры Наталья Скорикованың Нұрсұлтан Әбішұлына: «Сізге 8 миллион әйел ғашық!» дегені бар. Нұрсұлтан Әбішұлы да тың мақтауға тосылып қалмай: «Онда Сүлеймен Сұлтан демала тұрсын» деген екен.

♦ ♦ ♦

Татарстан президенті Рустам Минниханов:  «Біздің делегация өте жоғары деңгейде Сабантойды өткізді. Сізге рахмет! Қазақстанда біздің 220 мың татар өмір сүретінін білеміз…» дей бергенде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Олар сіздің емес, біздің татарлар!» деп әзілмен бір-ақ кесіпті.

♦ ♦ ♦

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Елбасына Украина казактары:

“Сізден, Нұрсұлтан Әбішұлы, бар рухани мырзалығыңызды, мейіріміңізді, ой-парасатыңызды паш етіп, украин халқының қайғысын сейілтуді сұрайды. Казактардың халықаралық академиясы Сізді Украина казактарының алтын жұлдызымен марапаттады», – деді Захаров. «Казактар мен қазақтардың түбірі бір. Бұл сөздің мағынасы да – бір. Бұлар – еркін адамдар! Еркіндікте дала кезген казактар не, емін-еркін көшіп жүрген қазақтар не – бір» деген болатын.

♦ ♦ ♦

Ақордада «Көктем шуағы» атты Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы:

«Осыдан 12 жыл бұрын нәзік жандылардың 30 пайызын билік басына әкелемін деп міндет қойдым. Ол кездері мүмкін болмады. Себебі, мемлекеттік аппараттың негізін ер адамдар құраған болатын. Әрине, әйелдер өздері шешім қабылдады. Ер адамдар өзімшіл. Бірақ, ондай қасиет әйелдерде де бар. Бірақ, дәл сондай күшті емес. Жұбайлар ұрсысып қалады да, былай дейді екен: «Енді осылай жүреміз бе? Татуласайық» дейді. Сонда әйелі айтады: «Біздің екеуміз де кінәліміз, бірақ, сенің кінәң көбірек», – дейді екен.

♦ ♦ ♦

Жұмыс сапарымен Павлодарға барған Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті дәрігерлердің біліктілігіне қатысты:

«Теперь все зависит от вас. Говорят же  врачи делятся на три категории: первая категория врачей это «от Бога», второе говорят «ну, с Богом!» и третяя «не дай Бог». Я думаю Вы от Бога!», – деді.

♦ ♦ ♦

Нұрсұлтан Назарбаев тілшілермен болған баспасөз-конференциясы кезінде, смартфондарға қатты қызықпайтынын айтып:

«Менің оған қарап отыратын уақытым жоқ», – деп жауап берген президент жиналғандарды күлдірген.

«Әрине, көремін, жұмыс жасаймын. Хабарламалар аламын. Телефон номерін берейін бе?», – деп әзілмен жауап берген болатын журналистің сұрағына.

♦ ♦ ♦

Республикалық жастар форумында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастар мен әжелерге қатысты:

«Сендердің араларыңда қазірдің өзінде ақылы мен білімі Отанымызға зор пайда әкеліп жатқан балалар аз емес. Маған «қазіргі жастар бұрынғыдай емес» деген кезде: «әжелер де бұрынғыдай емес қой, шұлық тоқымайды, бәліш пісірмейді», деп айтамын. Алайда, интернетті жақсы біледі. Әрине, бұл қалжың. Бірақ, іс жүзінде солай болып отыр», – деген болатын.

♦ ♦ ♦

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналған монументтің ашылуында халықты Тəуелсіздік күнімен құттықтап:

«Эскиз жобаның авторларына, сәулетшілерге, құрылысшыларға алғыс білдіргім келіп отыр.  Әсет, сәулетшілер қайда? Бүгін сен бүкіл жайды баяндауың керек еді, бірақ, аязда мен баяндама жасадым», – деп қалжыңдады президент Әсет Искешевке қарата.

♦ ♦ ♦

Республикалық жастар форумы барысында Елбасы Қазақстан тарихында жүзуден  тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландинге:

«Бұл сенің қолыңнан келді. Алдыңда әлі талай Олимпиада бар. Енді ғана 20-ға толып отырсың. Мен өзімнің таныстарымнан сұраған кезімде біреуі: «Дмитрий жеңіске жетеді. Өйткені, оныкі аяқ емес, 50-ші размерлі табан», деген болатын. Дегенмен, ең бастысы бұл да емес шығар», – деп қалжыңдаған болатын.

♦ ♦ ♦

Елімізге ресми сапармен келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен: “Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесіне неміс компаниялары мен ұйымдарының белсенді қатысуы осы жемісті ынтымақтастықтың бір көрінісі болып табылады. Көрмедегі Германия күніне менің сапарымның дөп келуіне өте қуаныштымын. Мен сізді герман павильонын аралауға шақырғым келеді, бірақ сізді…”, – дей бергенде Елбасы:

“Маған шақыру қажет емес шығар”, — деп әзілдеді. Бұл қалжыңға екі президент те риясыз күліп алған болатын.

♦ ♦ ♦

Әділбек Жақсыбеков “Хабар” арнасындағы «Тәуелсіздік тағылымы» бағдарламасының эфирінде 1997 жылы Назарбаевтың оны әкім етіп тағайындауы туралы естелігінде:

«Әрине, мені әкім етіп тағайындаған күн — 1997 жылдың 10 желтоқсаны – бұл менің өмірімдегі межелі күн болды. Одан кейін бәрі де өзгерді. Ол кезде ең алдымен Нұрсұлтан Әбішұлының сенімін ақтау керек деген ойлар келді. Мен сенерімді, не сенбесімді білмей жүрдім. Ол кезде тәулік бойына еңбек еттік. Сіз мені түнгі он екі жарымда тағайындағансыз. Мені түн ортасында шақырып алғансыз. Нұрсұлтан Әбішұлы менімен неге түн ортасында сөйлесіп отыр деп ойладым», — дейді Президент Әкімшілігінің жетекшісі.

«Жас болдық, ұйқы келмейтін», –  деп Жақсыбековтің сөзін бөле отырып қалжыңдады Президент.

 

Ғаламтор мәліметі негізінде

әзірлеген Аяулым СОВЕТ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*