Главная » Саясат » Экономика » Қарағанды: даму қарқынды

Қарағанды: даму қарқынды

    Қарағанды қаласының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінде даму бар. Статистикалық деректер былтырғы жылмен салыстырғанда өсім барын айғақтап отыр. Мәселен, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде жалпы қаржылық емес сектор бойынша шығарылған өнім көлемі 237176,8 млн. теңгені құраған. Сонымен қатар, кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында 2084,3 млн.теңгеге өнім өндірілген. Бұл жоспардан артық және 2016 жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 120,1% болып отыр.

Ал, кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының 2017 жылғы 9 айдағы өндіріс көлемі 43,2 млрд. теңге немесе 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 126,3% (34,2 млрд.теңге). Соның ішінде 27 жоба бойынша көрсеткіштер 100%-дан аса орындалған көрінеді. Жұмыс орнын құруда да  ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда, экономиканың нақты секторында 479 жұмыс орны ашылған. Былтырғыға қарағанда өсім 3,3 есеге жеткен.

Инвестицияда да қамшы салдырмай отыр. Нақтыласақ, қаланың ірі, орта кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 56541,7 млн.теңге. Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 7935,2 млн.теңге.

Сондай-ақ, осы кезеңде  шағын және орта кәсіпкерліктің жоспарлы көрсеткіштері де орындалған. ШОБ жұмыс істейтін субъектілерінің саны 38813 бірлік, немесе 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 104,2%.Осы  шағын және орта кәсіпкерлікте 122545 адам жұмыспен қамтылған. Аталған кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімдер, орындаған жұмыстар мен қызметтер көлемі 331280 млн.теңге және жоспар 102,2%.

Баспанамен қамтуда да көрсеткіштер көңіл көншітерлік. 9 ай көлемінде Қарағандыда 142 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Құрылыс жұмыстары да қарқынды. Бұл салада көрсеткіш 32305 млн.теңге екенін айтады.

Жұмыспен қамтудың жүйелі екені көрінеді. Жұмыссыз ретінде есепте 1468 адам болса, бұл көрсеткіш  2016 жылдың деңгейінен 44,6% төмен екен (2016 жылдың 9 айында – 2650 адам).

Әлеуметтік салаға тоқталсақ, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны – 19172 бала. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаларда 4802 орын, оның ішінде 2017 жылғы қыркүйекте 305 орын орналастырылыпты. Мамандандырылған пән кабинеттерімен қамтамасыз ету көрсеткіші 14%-ға ұлғайып, 77% шамасында екен.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша 2016 жылдың деңгейіне қарағанда 2017 жылдың 8 айында бала туу деңгейінің 1%-ға артқаны, өлім-жітім деңгейінің 3,6%-ға төмендегені, жаңа туған сәбилердің өлім-жітім деңгейінің 20%, аналардың өлім-жітім деңгейінің 44,9%-ға төмендегені байқалады. Құқық қорғау блогы аясында қылмыскерлік деңгейі 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда 15,7% (10 мың тұрғынға шаққанда) төмендеді. Ауыр және өте ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 24,5% шамасында.

Бөлшек сауда тауарларының айналымы 440679,4 млн.теңге немесе жоспарға қарағанда 117,2% құрады, 2016 жыл көрсеткішімен салыстырғанда 118,7%. Қала бюджетіне түсетін түсімдердің көлемі – 40725 млн.теңге, жоспар 101,1% көлемінде екен. Түсімдердің үш санаты бойынша болжамның орындалуы – 24884,7 млн.теңге немесе жоспар 101,7%. Салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің 2017 жылғы 9 айдағы өсім қарқыны 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 13,7%-ға артты. Қала бюджетінің шығыстары 38177,9 млн. теңге шамасында.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*