Главная » Саясат » Қоғам » Тұрақтылық тірегі

Тұрақтылық тірегі

  Ел экономикасының маңызды бөлігі – қаржы жүйесі. Кез келген ұйымның өмірін қаржылық айналымсыз елестету мүмкін емес. Экономика мен қаржы өркендеу көрсеткіші ғана емес, мемлекеттің болашағы мен тұрақтылығының кепілі. Бұл жағдайда Қазынашылық жүйесі маңызды роль атқарады. Өйткені, ауданның барлық мекемелерінің қаржылық құжаттары қазынашылық жүйесі арқылы өтеді. Ұлттық валюта күні мерекесі қарсаңында Қарқаралы аудандық қазынашылық басқармасы басшысы Мұрат ТОЙЫНБЕКОВПЕН кездесіп, ел көкейіндегі бірнеше сұраққа жауап алдық.

– Мұрат Тәңірбергенұлы, біздің аудандық қазынашылық басқармасы негізгі қандай функцияларды орындайды? Жұмысты орындауда қандай да бір жаңа өзгерістер бар ма?

– ҚР Қаржы министрлігі Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарқаралы аудандық қазынашылық басқармасы – республикалық және жергілікті бюджеттің қызмет етуін және орындалуын, мемлекеттік мекемелердің шоттары және мемлекеттік мекемелер бойынша қолма-қол бақылау шоттарының операцияларын өткізуін қамтамасыз етеді.

«Қазынашылық Клиент» АЖ енгеннен бері мемлекеттік мекемелерге арақашықтықта қызмет көрсетілуде және бұл мемлекеттік мекемелер арасында қазынашылық органдарының жұмыс тиімділігін едәуір жақсартты, бюджеттің орындалу сапасын жоғарылатты.

Мемлекеттік мекемелерді арақашықтықта қызмет көрсету кезінде қызмет көрсетудің жылдамдығы артып, мемлекеттік мекемелерде қағаз құжаттардың, уақыт пен көлік транспортарының шығындары мен қатар әкімшілік барьер азайды, адами факторлардың себептерінен туындайтын, яғни, қате рәсімделген құжаттарды қайтару саны азайды.

«Қазынашылық- клиент» АЖ іске қосқаннан бері қаржылық құжаттарды өңдеу және қызмет көрсету уақыты 2012 жылы 16 сағатқа, 2013 жылы 8 сағатқа, ал 2017 жылы – 7 сағатқа дейін азайтылды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 6 сағатқа түсіру жоспарлануда.

Қазіргі таңда аудандық қазынашылық басқармасы «Қазынашылық-Клиент» АЖ 51 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетеді, оларға 54 қолма-қол ақшаны бақылау шоты (ҚБШ) ашылған, оның ішінде 25 жергілікті өзін-өзі басқару шоттары. Ағымдағы жылдың 10 айында қазынашылық басқармасының қызметкерлері мемлекеттік мекемелердің 19 мыңнан аса қаржылық құжаттарын өңдеп өткізді.

– Ал, өзін-өзі басқару жүйесі қалай жүзеге асырылуда?

– Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі дамыту тұжырымдамасының 2015-2020 жылдар аралығындағы екінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында, және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-ші қадамын жүзеге асыру және облыстық бюджеттік басқарманың озық тәжірибесін енгізе отырып, селолық округте, ауылда, аудандық маңызы бар қалаларда жергілікті өзін-өзі басқаруында дербес бюджетті енгізу қарастырылған.

Мемлекеттік бюджеттің IV деңгейін енгізу кезеңмен жүргізу ұсынылып отыр. 2018 жылдан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын Қарқаралы қаласы, Егіндібұлақ селосы, Қарағайлы кенті, Қырғыз ауылдық округі, 2020 жылдан барлық ауылдық округтерде енгізіледі. Аудандық және қалалық орталықтардан алшақ орналасқан жергілікті өзін-өзі басқару органдары селолық округтен шықпай-ақ «Қазынашылық-Клиент» АҚ арқылы жергілікті өзін-өзі басқару қаражатын жұмсау операцияларын аумақтық қазынашылық мекемесінде жүзеге асырады.

– Басқарма кәсіби мерекеге қандай жетістіктермен келіп отыр?

– Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментің аймақтық қазынашылық органдарының жұмыс атқаруын бағалау рейтингісі бойынша ағымдағы жылдың соңғы 9 айында біздің басқарма алдыңғы қатарда келеді.

Осы жылда басқарма қызметкерлері облыстық Қазынашылық департаменті және Қарқаралы ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

– Өзіңіздің ұжымыңыз жөнінде не айта аласыз?

– Аудандық Қазынашылық басқармасы қажетті мамандармен толық қамтылған. Барлық қызметкерлер жоғары білімді. Басқармада басшының орынбасары М.Ахметова және бас мамандар – Ж.Жантурина, А.Мұстафина, Г.Жұмаділова, Г.Разбекова, Н.Жұманбаева сияқты өте тәжірибелі, сауатты, өз істеріне жауапты мамандар қызмет атқарады.

Ұжым тек, жүктелген міндеттерді атқарудан басқа, ауданда өткізіліп отыратын әрбір іс-шараларға белсенді түрде атсалысуда. Осы жағдайды пайдалана отырып, Қазынашылық басқармасы ұжымның атынан газет арқылы барлық қаржы-банктік қызметтестерімізді Ұлттық валюта күнімен құттықтаймын.

– Мұрат Тәңірбергенұлы, мәнді де мазмұнды әңгімеңізге рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Әңгімелескен Рымбек СМАҒҰЛОВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*