Главная » Билік » Облыс әкімі » Құрметті С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы!

Құрметті С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы!

Құрметті Сансызбай Нұрсиялыұлы! Сізді және көптеген көрерменнің махаббаты мен құрметіне бөленген С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымын 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттық­таймыз!

85 жыл – бұл шығармашылық өсімнің қалыптасуы, дәстүр сабақтастығы, жеңісті сәттер, даңқ пен ерен еңбектің жарқын көрінісі.

Қазіргі күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры біздің өңірдің мәдени өміріндегі қара шаңырағының біріне саналады.

Театр біздің өмірімізге әдемі реңк беріп, ерекше сәттер сыйлайды. Адамгершілік пен әдеміліктің мәңгілік құндылықтарын айқындап, эмоцияға толы өмірлік күш қуат сыйлайды.

Театр ұжымының асқан шеберлігінің нәтижесінде, көрермендеріңіздің саны күн санап артып келеді. Себебі, әрбір қойылым – жігерлі, өз ісіне адал, дарынды адамдардың бірлескен жұмысының жемісі.

Сіздердің күндеріңіз әрбір қойылымнан кейінгі шынайы әсер мен табысқа бастаған талпыныстарға толы болсын!

Облысымыздың театр өнерін дамытуға қосқан сүбелі үлестеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз үшін, қоғамның рухани құндылықтарын жаңғырту мен ізгілікке жол сілтеген ізетті істеріңіз үшін шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар!

Өмірін театрмен сабақтастырған жандарға, сахна саң­лақтары мен жас буынға шалқыған шабыт, зор денсаулық, шығармашылық жетістіктер мен жарқын белестер, құнды қойылымдар, амандық пен көрерменнің шынайы сүйіспеншілігін тілейміз!

Сіздердің театрда әрдайым махаббат пен үйлесімділіктің лебі есіп тұрсын!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*