Главная » Саясат » Экономика » Қаржылық (банктік) қызметтерді тұтынушы нені білуі керек?

Қаржылық (банктік) қызметтерді тұтынушы нені білуі керек?

    Банктердің клиенттермен қарым-қатынасы банк заңнамасының және жасалған шарттардың негізінде құралады. Бұл ретте банктер клиенттермен мәміле жасау талаптарын, оның ішінде мәселен, салымдарға (депозиттерге) тартылатын ақшалай қаражат бойынша пайыз мөлшерін, кредиттің пайдаланылғандығы үшін пайыз мөлшерін өздігімен анықтайды, көрсетілген банктік қызметтер үшін алынатын төлемдерге қатысты өздерінің тарифтік саясатын жүргізеді.

Заңнамаға сәйкес салымшылар мен кредит алушылар қызмет көрсетуші банкті таңдау кезінде ерікті екендігін атап өту қажет. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында банктік қызмет көрсету нарығында банктер арасында бәсекелестік өте жоғары (2017 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиялары 33 екінші деңгейдегі банкте бар), бұл өз ретімен банктерге банк қызметінің құнын қалыптастыру мен оңтайландыру бойынша өз жұмысын үнемі жетілдіріп отыруға, клиенттерге сапа мен құн жағынан қолжетімділігін арттырып отыруға мәжбүр етпек.

Осылайша, тұтынушының ұсынылып отырылған банк өнімдері бойынша өзіне тиімді талаптардың бірін таңдап алуға құқығы бар.

Банк қызметінің қай түрін пайдалану жөніндегі шешімді қабылдамас бұрын тұтынушы қызмет туралы ақпаратты мұқият зерделеп алуы қажет, туындаған мәселелердің мән-жайын және өз жауапкершілігін, оның ішінде қаржылық жауапкершілігін анықтап алғаны жөн.

Әдетте банк қызметі жасалған шарттардың негізінде көрсетіледі.

Банк банктік қызмет көрсету туралы шартты жасасқанға дейін клиентке:

мөлшерлемелер мен тарифтер, банктік қызмет көрсету туралы өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты (өтініш беру қажет болғанда);

қызмет көрсету талаптары туралы ақпаратты және банктік қызмет көрсету туралы шартты жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесін;

банктік қызмет көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда клиенттің жауапкершілігі және ықтимал тәуекелдері туралы ақпаратты;

клиентте туындаған мәселелер бойынша консультациялар;

клиенттің қалауы бойынша – банктік қызмет көрсету туралы шарттың жобасын береді.

Сонымен қатар, Банк банктік қарыз шартының талаптарымен танысу үшін клиентке қажетті уақыт беруі тиіс.

Бұдан басқа, алып жатқан банктік қызмет бойынша даулы мәселелер туындап жатса, онда Банк клиентке оның банкке, банктік омбудсманға (ипотекалық қарыздар бойынша), уәкілетті органға (Ұлттық Банкке) немесе сотқа жүгінуге құқығы бар екенін хабардар етеді. Осы мақсатта клиентке банктің, банктік омбудсманның, уәкілетті органның орналасқан жері, пошта мен электрондық мекен-жайы және интернет-ресурстары туралы ақпарат ұсынылады.

Сонымен қатар, Банк клиенттің берген ақпаратының конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.

Банк тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде клиентті банктік қарызды беру туралы не бас тартудың себептерін көрсете отырып, Банктің клиенттермен жұмыс жүргізу тәртібі туралы ережесінде көзделген тәсілмен беруден бас тарту туралы хабардар етеді.

Клиенттің уақтылы, қажетті және дұрыс ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында («Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы (бұдан әрі- Банктер туралы заңы), ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысы) бекітілген.

Банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде банк клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің (Банктер туралы заңда көзделген банктік құпияны жариялауға қойылатын талаптарды сақтаумен) сұратуы бойынша сұратуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жазбаша нысанда төмендегі мәліметтерді береді:

1) банкке төлеген ақша сомасы;

2) мерзімі өткен берешектің мөлшері (бар болған кезде);

3) борыш қалдығы;

4) кезектегі төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;

5) кредиттеу лимиті (бар болған кезде).

Егер банктік қарыз шартында көзделген болса, банк мерзімді негізде аталған мәліметтерді клиентке ұсынады.

Сонымен қатар, банк клиенттің өтініші бойынша клиентке келесі ақпаратты тегін беруі тиіс:

3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде айына 1 (бір) реттен жиі емес жазбаша нысанда банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне келіп түсетін клиенттің (қарыз алушының) ақшасын бөлу туралы ақпаратты тегін береді;

клиенттің банкке банктік қарыз шарты бойынша берілген ақшаны ішінара немесе толығымен мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініші бойынша банк 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылуы тиіс соманың мөлшерін оған жазбаша нысанда тегін хабарлайды.

қарыз бойынша берешек толық өтелгеннен кейін банк өтініш алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда берешектің жоқ екені туралы анықтаманы ұсынады.

Банк жоғарыда аталған барлық мәліметтерді негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялық ақылардың, тұрақсыздық айыбының және айыппұл санкцияларының өзге түрлерінің сомаларын, сондай-ақ, төленуге жататын басқа сомаларды көрсете отырып, ұсынады.

Қарыз алушы банкке шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы жазбаша өтінішпен хабарласқан жағдайда, банк борышкердің жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған банктік қарыз шартын өзгерту талаптарын қарайды және қарыз алушыға Банктер туралы заңның 36-бабының 1-2-тармағында көрсетілген шешімдердің бірін жазбаша нысанда хабарлайды.

Қарыз алушының ұсыныстарын банктің өтініштердің осындай түрін қарауға уәкілетті органы қарайды.

Банктің ұсынған банктік қарыз шартын өзгерту талаптарына қарыз алушының жауап беру мерзімі банктің хатында көрсетіледі және кем дегенде күнтізбелік 15 (он бес) күн болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, банк клиентке банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі туралы және клиенттің өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабардар етеді.

Банк қарыз алушыны хабардар ету үшін коллекторлық агенттікті тартуға құқылы.

Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы хабарламада клиентке арналған банктік қарыз шарты бойынша берешектің мөлшері туралы (негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялық ақылардың, тұрақсыздық айыбының және айыппұл санкцияларының өзге түрлерінің сомалары, сондай-ақ, төленуге жататын басқа сомалардың сомасы көрсетілген) қысқаша ақпарат болуы тиіс.

Хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, банк клиентке Банктер туралы заңның 36-бабында көзделген шараларды қолданады.

Бұл ретте клиентке, сондай-ақ, кепіл берушіге, кепілгерге, кепілдік берушіге және қарызды қамтамасыз ету туралы шарттың тарабы болып табылатын өзге тұлғаға жергілікті уақыт бойынша сағат 21-ден сағат 8-ге дейін банктік қарыз шартына қызмет етуге байланысты хабарламаларды табыс етуге және ескертулер жасауға (телефон шалуға) болмайды.

Қарыз алушының ұсыныстарын банктің өтініштердің осындай түрін қарауға уәкілетті органы қарайды.

Банктің ұсынған банктік қарыз шартын өзгерту талаптарына қарыз алушының жауап беру мерзімі банктің хатында көрсетіледі және кем дегенде күнтізбелік 15 (он бес) күн болады.

Әдетте банктер банк өкілдерімен байланысқа шығудан бас тартуды немесе жасырынып қалу әрекетін, банк алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару деп есептейді, бұл өз ретімен кредиттік жүктемені реттейтін құралдарды пайдалану мүмкіндігінен айырады, кредит алушының қаржы ахуалы мен кредиттік тарихын нашарлататындығын ескеру қажет.

Анна Ридель,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ

Қарағанды филиалының қаржылық ұйымдарды бақылау

және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын

қорғау бөлімінің бастығы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*