Главная » Аймақ » Нұра » Боздақтарға тағзым

Боздақтарға тағзым

Нұра ауданының орталығында жаңадан ашылған «Жауынгер-интернационалистер» саябағында жауынгерлерге арналған ескерткіш қойылды.

Салтанаты шара театрландырылған қойылыммен басталды. Аудан әкімі Ниқанбай Омарханов өз сөзінде Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ізгі тілегін білдірді. Ескерткіш авторы, мүсінші Игорь Баграмовқа Алғыс хат табыстады. Қарағанды қаласы Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері одағының төрағасы Талғат Хасенов аудан басшылығына алғысын жеткізді. Ардагерлерге деген зор құрметі және жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудегі белсенді көзқарасы үшін Ниқанбай Омархановқа Алғыс хат тапсырды. Сондай-ақ, Игорь Баграмов, нұралық Ауған соғысы ардагерлері – Еркін Мұхамеджанов пен Жәнібек Берлібеков Алғыс хатпен марапатталды.

Шараға ауған даласында ерлікпен қаза тапқан Николай Плешаковтың анасы Любовь Трофимовна мен Қадырбай Сембаевтың қарындасы Индира Сембаева арнайы шақырылды. Жиналған жұрт боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Аудан имамы Құмар Қоныскерей боздақтар рухына құран бағыштады.

Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Концерттік бағдарламаны тамашалаған ардагерлер арнайы жайылған дастарқаннан дәм татты.

Нұра ауданы бойынша 96 жауынгер ауған жерінде Отан алдындағы борышын өтеген. Соның ішінде, Қадырбай Сембаев, Николай Плешаков, Петр Резник және Анатолий Дымнич туған топырағына табытпен жеткізілді.  Ескерткіштің арнайы тақтасына осы төрт батырдың есімі қашалып жазылған.

Т.ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*