Ежедневные архивы: 29.09.2017

Құрмет – қарияларға

    1 қазан – Қариялар күні қарсаңында Осакаров ауданының әкімдігі осы өңірдегі қарттар мен ардагерлерге айтарлықтай құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. «Батыр аналарды» құттықтаудан басталған мейрам үлкен дастарқан басындағы той-думанға ұласты. Осакаров ауданының әкімі Нүркен ҚОБЖАНОВ, аудандық мәслихат хатшысы Қанат САҚҚҰЛАҚОВ, аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері арнайы қатысып, мерекелік шараны қариялармен бірге тамашалады. «Дүниеге келер бір рет, Дария – кеуде, ...

Читать далее »

Аймақ ахуалы: кеше, бүгін, ертең

    Кеше аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ және облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Серғазы ӘДЕКЕНОВТІҢ қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті Х сессиясы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Шамиль Осин төрағалық еткен сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудандардың әкімдері, қалалық, аудандық мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысының күн тәртібіне сәйкес, облыс әкімі Ерлан ...

Читать далее »

Ұстаздар ұлықталды

    Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ білім беру саласы қызметкерлерін құттықтады. Облыстың білім саласын дамытып, оның қарыштап дамуына үлес қосып, еңбегімен ерекшеленген мұғалімдерді марапаттады. – Анадан кейін ұстаздың орны ерекше. Мұғалім білім беріп қоймай, әр адамның жүрегінде жарқын із қалдырады. Өмірдің мәні мен мағынасын, адалдық пен парасаттылықтың не екенін ең алдымен ұстаз үйретеді. Бұл күн Сіздер үшін ...

Читать далее »

Заман болмысының болашағы

   Өскелен ұрпақты рухани-адамгершілік рухына тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керектігін ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген халыққа Жолдауында маңызды құбылыс екендігін нақтылап атап міндеттеді. Осы жоспардың құрамдас бөлігі саналатын рухани жаңғырудың да жан-жақты мәселелері мен жаңа үлгілері тарихи тамырларды ескеріп қолға алынуда. Бес институционалдық реформаға бағытталған «100 нақты қадам» кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның ...

Читать далее »

Ұйымшыл ұжым

    Сарытөбе негізгі орта мектебінде сауапты жұмыстар жиі жүргізіледі. Ұжым ұстаздарының ұйымшылдығының арқасында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясындағы шара «Балаларға бірігіп көмектесейік» ұранымен өткізілді. Акцияда жаңа оқу жылында дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты ...

Читать далее »

«Адамшылық қарызы үшін еңбек қылған»

   Данышпан Абай «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың» дейді. Адам баласы өмірге келген соң алдына «халқыма қызмет қылсам, пайдамды тигізсем» деген ұлы мақсат қояды. Осы бір ұлы армандардың орындалуына отбасында көрген тәлімді тәрбиенің алар орны ерекше. Осындай ізгілікті бастауды жалғастырып келе жатқан ізгі шаңырақ – Мазиндер отбасы. Әулеттің жалғасы Берікбол Мазин – ордалы отбасында ...

Читать далее »

Мерейлі мерекеңмен!

   Тәуелсіз еліміздің болашағы атанған жас ұрпақты білім нәрімен сусындату үшін өз ісінің білгірі, бала жанының бағбаны қажет. Себебі, қоғам өзінің дамуы барысында өз халқының тарихын, тілі мен әдебиетін сүйіп оқитын, болашаққа мақтанышпен жеткізе алатын ұрпақты тәрбиелейді. Білім беру саласының мақсаты – білімді де білікті тұлға тәрбиелеу. Бүгінгі таңда С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алатын орны ерекше білім ...

Читать далее »

Болашақтың бағбаны

    Қазақ руханиятының өткен ғасырдағы көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы…» деген екен. Арада бір ғасыр өткенде, Алаш арысының бұл сөзі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Ақжал кентіндегі Ш.Батталова атындағы жалпы білім беретін орта мектепте балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан ұстаздар көп. Мысалы, Ш. Батталова атындағы жалпы білім ...

Читать далее »

Елім деген азамат

       Еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар баршылық. Солардың бірі – Есентай ӘШІМ. Есентай Мұқатайұлы Қарағанды қаласындағы №6 орта аралас мектебіне 2000 жылы келіп, тарих пәнінен сабақ берді. Өзінің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Оқу мен тәрбиені қатар бере жүріп, қазақ балаларының жан-жақты білім алуына жағдай жасады. №6 мектептің директоры болып тағайындалғанда, қазақ ...

Читать далее »

Мың алғыс айтамыз

Ұстаздар үйреткен білімді, Жаттатқан ғылымды, ілімді. Шәкірттік жүрекпен айтарым – Құтты болсын мерекең бүгінгі. Екінші анашым бір өзің, Мейірім шашатын нұр көзің, Ұстаздық жолыңа тілерім, Денсаулық, мол бақыт, шын төзім. Білімнің сан қилы түрінен, Өзіңнен сусындап қайтамыз. Қамқоршы, ақылшы ұстаздар, Сіздерге мың алғыс айтамыз! Гүлдариға КӘРІБАЕВА, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп -гимназиясы «Кәусәр» баспасөз орталығының тілшісі. БАЛҚАШ қаласы.

Читать далее »