Ежедневные архивы: 26.09.2017

Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

  Абай ауданының аумағындағы бас бостандығынан айыру орындарында еңбекке тарту арқылы адамды лайықты түрде ынталандырып қана қоймай, оның жаңа мамандық алуына, түрлі өндірістік кәсіпті игеруіне, келтірілген шығынды өтеу және қаражат жинау тәрізді өзге де маңызды мәселелерді шешуіне мүмкіндік жасалып отыр. Бұл жөнінде Абай ауданының прокуроры Төлеген ТҮСІП аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. – Қоғамға оңтайлы бейімдеу, жұмыспен ...

Читать далее »

Балық шабақтарын жіберді

Аудандағы балық шаруашылығымен шұғылданатын «Әсел» шаруа қожалығының атқарып отырған жұмыстары да ауқымды. Аудан аумағындағы «Қойтас», «Жартас», «Шұбаркөл» және «Үлкенкөлге» иелік етіп отырған шаруашылық басшысы Маруа Канапиянова Қарағанды балық питомнигінен өсіп келе жатқан 33000 дана карп балығының шабақтарын «Үлкенкөлге» жіберді. Қожалық басшысының айтуынша, қыркүйек айының соңы мен қазан айының ортасында иелігіндегі тоғандарға өзге де шабақтар жіберуді жоспарлап отыр. Сағыныш ӘБІЛОВА   ...

Читать далее »

Жанармай тапшылығы жойылады

      Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ аймақтағы жанар-жағармай тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы есепті тыңдады. Өткен аптада Жезқазған қаласының тұрғындары көліктеріне 20 литр бензин құю үшін бірнеше сағат бойы кезекте тұруға мәжбүр болғаны мәлім болды. Бір көлік жүргізушіге одан артық сұйық отын берілмеді. – 22-ші қыркүйекте Жезқазғанда жанар-жағармай қоры болды, – деп мәлімдеді аймақ басшысының орынбасары Алмас Айдаров. – ...

Читать далее »

Оңалту ісінде – оң нәтиже

Бұл күнде қазақ елі мемлекеті әлеуметтік салаға және халық денсаулығына ерекше көңіл бөліп отыр. Өйткені, адамдардың денсаулығы, ғұмыр жасының ұзақ болуы, әлеуметтік тұрмыс жағдайы басты орында. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғау, әлеуметтік жағдайын және денсаулығын жақсарту оларға қазіргі заманға сай сапалы әлеуметтік қызмет түрлерін ұсыну, енгізу, мемлекеттік деңгейде көтеріліп отырған мәселенің бірі болып отырғаны айқын. Сондай  әлеуметтік мекеменің бірі ...

Читать далее »

Хат алмасып жүрмін

Мен Қарағанды қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – әзірбайжан болғанымен, тілім – қазақ. Олай дейтінім менің ортам – қазақтілді орта. Үйден шыға сала, қазақ балаларымен ойнадым, қызыққа баттым, қуандым. Балабақшада ән айттым, би биледім, дәстүрді сезіндім. Ал, қазір, мектеп жасында жүрген сәтімде ақын-жазушылардың шығармаларын басыма жастап жатамын. Қиялға беріліп, болашағым туралы ойлаймын… Жуырда мектебімізде 22 қыркүйек – ҚР тілдері күні мерекесі ...

Читать далее »

Тіл майталмандары топ жарды

Саран қалалық мәдениет үйінде «Мемлекеттік тіл – мәртебем» атты сайыс өтті. Саран қалалық білім беру бөлімі мен қалалық мәдениет үйінің жетекшілігімен, білім беру бөлімінің әдіскері Сәулеш Шаймұраттың ұйымдастыруымен білім беру саласы қызметкерлерінің арасындағы сайысқа мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениетінің сақталуы, қазақтың салт-дәстүрінен мағлұматтар беру, қазақ халқының тарихы және мәдениеті саласындағы сауаттылықтарын анықтау, «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қала мектептерінің ...

Читать далее »

Тіл жанашырларын тәрбиеледі

   Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қарағанды облысының тілдерді оқыту  орталығының ұйымдастыруымен өтетін мәдени-ағартушылық жоба шеңберінде облыстық «Мың бала» байқауы өтті.  15-23 жас аралығындағы қазақ және өзге ұлт өкілдері қатысқан байқауда жеткіншектер 3 бағыт бойынша бақтарын сынады. Байқауға «Сарыарқа» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Д.Жұмагелдина, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, сазгер, «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері Б.Мұсабеков, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ...

Читать далее »

Шынайы насихат – сенімді қадам

   Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Төртінші өнеркәсіптік революцияға қадам басып, өмір сүру салтымыз ғана емес, адамзаттың өзі өзгеру табалдырығында тұрған кезде Елбасының ұсынысы – жаңашылдыққа батыл қадаммен қатар, өзгерісті өз қолыңмен жасауға берілген мүмкіндік. Ең бастысы – ендігі ұрпақ, заманауи жастар өзге қаріппен жазылған білім арқылы басқаша білім алып, басқаша қарым-қатынас жасайтын болады. Латын қарпіне өту арқылы өмірімізге ...

Читать далее »

Қарымта кездесу өтеді

   Орта салмақта «WBA» (Super), «IBO», «WBC» және «IBF» тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий ГОЛОВКИН мен мексикалық Сауль «Канело» АЛЬВАРЕС қарымта жекпе-жегінің уақыты белгіленді. «RingTV» мәліметінше, Синко де Майо (Мексиканың ұлттық мейрамы, 1862 жылы 5 мамырда Пуэбле шайқасында мексикалық әскердің жеңіске жетуіне байланысты тойланады) мерекесінде боксшылар реванш өткізетіндігі жоспарланыпты. «Golden Boy Promotions» промоутерлік компания­сының президенті Эрик Гоместің айтуынша, осы күн ...

Читать далее »

Достықтың кілті

   Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырамас бөлігі және асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. Әр ұлттың тілі – бақыт тірегі. Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. «Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір» қанша ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние ...

Читать далее »