Ежедневные архивы: 22.09.2017

Қазыбек бидің шапаны – Қарағанды төрінде

    Бейсенбі күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына арналған «Атадан қалған асыл мұра» тақырыбындағы ҚР Ұлттық мұражайы қорының көрмесі өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған келелі шараға біз де ат шалдырған едік. Сондағы қуанарлық жайт – қазақ мемлекетінің іргесін нығайтып, елдігін бекем еткен Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың шапаны жеткізіліпті.   Шараға шақырылғандар қатарында облыс әкімі ...

Читать далее »

Қазақстан-Беларусь: интеграция игілігі

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар МАМИН мен Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Василий МАТЮШЕВСКИЙ Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.     Сапар барысында Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтті. Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы түске дейін ескі автокөліктерді өңдейтін «ResyclingCompany» ЖШС-де, «Қарағанды фар­мацеп­тикалық кешені» ЖШС-де болып, аймақ тынысымен танысты. Түс ауа сапарға қатысу­шылар «КазБелаз» ЖШС-де ...

Читать далее »

Құрметті облыс тұрғындары!

Баршаларыңызды шын жүректен Еңбек күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл күннің күнтізбедегі мерекелер қатарында болуы барлық қазақстандықтардың еңбекке деген ерекше құрметін, қоғамымыздағы жасампаздық пен тұрақтылыққа деген ұмтылысты көрсетеді. Заманауи Қазақстан тарихы – еңбек жетістіктерінің тарихы. Елбасы атап айтқандай, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ұсына отырып, барлық әлемдік өркениеттің, экономикалық және мәдени байлықтардың виртуалды қаржы институттарымен емес, адам еңбегімен жасалатынын көрсетеміз. Бүгінгі әл-ауқатымыз ...

Читать далее »

Жұмбақ шешейік

Бірінші сұрақ. Жiгiт қыздың үйiне келсе, оны көрiп қалған қыздың шешесi бiр зат лақтырады. Ол қандай зат?  Жауабы бес әрiптен тұрады. Оңға, солға қарай оқығанда бiрдей сөз. Мәселен «Қазақ» деген сөз сияқты. Екінші сұрақ. Лақтырған зат жiгiттiң бiр жерiне тиедi. Ол қай жері? Жауабы 5 әрiптен тұрады. Алғашқы жауап сынды оңға, солға оқығанда бiрдей сөз болу керек. Үшінші сұрақ. Жiгiт ...

Читать далее »

Тарихта таңбаланған тұлға

    Бейсенбі күні С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, танымал өнер тарланы Кеңес ЖҰМАБЕКОВТІҢ «Қаздауысты Қазыбек би» драмасы сахналанды. Тұрымтайдай кезінен тұқырта сөйлеп, қаршығадай кезінен қазақтың іргесін бекіту маңдайына жазылған Қазыбек би Келдібекұлы һақында қандай сөз сөйлеп, нендей іс қылсақ та артық етпейді. Күні кеше ғана Егіндібұлақтың төрінде Егемен елдің еңсесін тіктеген баба ...

Читать далее »

Төрт ойында — 9 ұпай

    ЖХЛ чемпионатының шеңберінде «Сарыарқа» Қарағандыда красноярлық «Соколды» қабылдады. Матч қарағандылықтардың пайдасына шешілді. 4:3. Ойынның 10-шы минутында «сарыарқалық» Денис Фахрутдинов есеп ашты. 1:0. Ал, 12-ші минутта ресейлік Вячеслав Андрющенко таразы басын теңестірді. 1:1. Арада үш минут өте Артурс Озолиньш красноярлық­тардың басымдығын ұлғайтты. 1:2. Десек те, қарағандылықтар да қарап қалмай, алғашқы кезеңнің соңына таман Александр Юксеев мергендігін танытты. 2:2. Екінші кезеңде ...

Читать далее »

Ұстазы – өмір

«…Кеудесін кернеп зілді бір уайым, Теңселген Сарыарқада сырлы қайың, Даланың мұңлы аспаны, мөлдір көлі Құшақтап құба жонда тұр Абайың. …Шайқалған толқындай боп жел өтінде, Өткен күн өтеді алдан тербетіле. Сол күннің суретшісі Мұхтар аға, Көз тіккен бүгін әлем келбетіне…» Сырбай Мәуленов.   Биыл заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына – 120 жыл. Ол 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей уезі Шыңғыс болысының ...

Читать далее »

Күй-ғұмыр

      Жуырда Қазақстанның халық артисі Мағауия ХАМЗИН туралы жаңа кітап жарыққа шықты. «Мағауия мақамдары» деп аталатын кітапты құрастырушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгар Жанболат Башар. Айтулы кітапта ерекше талантымен әлемді мойындатқан Мағауия күйшінің шығармашылығы мен өміріне арналаған естеліктер, өлеңдер, пікірлер топтастырылған. Балқаш қаласының – 80 жылдығы қарсаңында Мағаңның – 90 жылдығына арналған «Мағауия мақамдары» атты жаңа кітап жарық көруі ...

Читать далее »

Ғалым. Жолдас. Азамат

   2017 жылдың 7 қаңтарында  техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент – мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ғалым, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының директоры – Манат Жақсыбергенұлы кенеттен өмірден озды. Ол атақты ғалым, ірі ұйымдастырушы ретінде институт тарихына енді. Оның тағдыры – институт тағдыры, отыз жылдан аса өмірін институтқа арнады.  Бұл шығармашылық шабытының, өз ойын жүзеге асырудың және алға қойған ...

Читать далее »

Бір суреттің сыры

Әке шешемнен қалған ескі фотосуреттерді қарап отырып, терең ойға шомдым. Қателеспесем, мына бір фотосурет өткен ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында түсірілген болу керек. Олай дейтінім, ол кезде мен ойын баласы едім. Суреттегі отырғандар ғалым педагогтар – оң жақта психология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәлкен Балаубаев және филология  ғылымдарының кандидаты, доцент Қалжан Тұңғышбаев (сол жақта). Артқы қатарда түрегеліп тұрғандар әкем Аманжол Әбсадықов және ...

Читать далее »