Главная » Билік » Құрметті Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!

Құрметті Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймыз!

Өткен жылдарда Ұлттық қауіпсіздік органдары дамудың даңғыл жолына түсті. Жас Республикамыздың мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайтуға сүбелі үлес қос­ты.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатындағы жаңа міндеттер Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында айқындалып келеді. Себебі, қауіпсіздік мәселесін қаперде ұстау арқылы ғана демократиялық, құқықтық мемлекет құрып, көздеген ауқымды жетістіктерге қол жеткіземіз.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының алдында тұрған сан салалы міндеттер қазіргі күні барлық мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатып, нақты шешімдер қабылдауға негізделген.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету­дің қазіргі жүйесі біздің өңірде де же­місті жүзеге асырылуда. Облыс әкімдігі, ҰҚК департаменті, өзге де мемлекеттік құ­ры­лымдар арасындағы ынтымақтастық, ес­керту, алдын алу шараларының нәтижесінде, өңірдегі ахуал тұрақты. Бұл мәселе қара және түсті металлургия, көмір өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары шоғырланған ірі өнеркәсіптік орталық – біздің облыс үшін аса маңызды.

Мемлекет басшысының үнемі қамқорлығының нәтижесінде, Ұлттық қауіпсіздік органдары көпфункционалды, шұғыл әрекет етуші, техникалық құрылымы толықтай жабдықталған, егемен әрі тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін лайықты қорғайтын, қамтамасыз ете алатын органға айналды деп айта аламыз.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға байлық-береке, Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге, қызметтеріңізге сәттілік ті­лейміз!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*