Главная » Саясат » Елбасы жолдауы » Өзгертулер мен толықтырулар

Өзгертулер мен толықтырулар

       Президент тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын бекіткен болатын. Онда үстіміздегі жылдың сәуір айында өзгертулер мен толықтырулар енгізілген еді.

Соның ішінде Қарағанды облысының ұйымдарына қатыстылар мыналар:

– бәсекелестік ортаға беруге жататын ұйымдардың тізілімінен – 18, соның ішінде,

– БАҚ-тардың 17 ұйымы алынып тасталды;

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2016 жылдың аяғында квазимемлекеттік секторды қайталап түгендеу жүргізу барысында анықталған 10 ұйым қосымша енгізілді.

Нәтижесінде, 2017 жылы Қарағанды облысы бойынша бәсекелестік ортаға беруге 24 ұйым жатады.

Ұйымдарды сауда-саттыққа шығаруды ай-айға бөле отырып, тиісті Кесте бекітілді.

Бүгінгі таңда:

– 4 ұйым сатылды – «Нұратал-2013» ЖШС, Нұра ауданы, «Қарағанды қаласы қала құрылысының кадастр орталығы» ЖШС, Жезқазған қаласының «Спорттық сауықтыру кешені» КМҚК, Балқаш қаласының «Қалалық коммуналдық шаруашылық – 2012» ЖШС.

– 5 ұйымға қатысты «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оларды тарату бойынша рәсімдемелер жүргізілуде, өйткені, олар 3 сауда-саттықтың нәтижесінде сатылған болатын, сондай-ақ, экономикалық тиімділік мақсатына байланысты. Теміртау қаласының «Теміртау» спорттық клубы» КМҚК, «Полигон» ЖШС Жезқазған қ., «МЖК аймақтық орталығы» АҚ, «Горсвет» Қарағанды қ., «Береке-2010» АҚ Қарағанды қ.

– Үстіміздегі жылдың 30 маусымында өткен екінші сауда-саттыққа 2 ұйым қойылды – «Қарағанды» волейбол клубы» ЖШС және «Тұлпар» шағын футбол клубы» ЖШС.

– 7 ұйым бойынша сауда-саттық алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде – тәуелсіз бағалаушыларды тарта отырып, ұйымдардың нарықтық құнын бағалау анықталуда – «Қарағанды қаласының №2 емханасы» КМК, «Теміртау қаласының №2 емханасы – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, «Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС, «Шахтер» футбол клубы» АҚ, «Ұлытау Тасбұлақ» ЖШС, «Абай Көркем» ЖШС, Шахтинск қ. «Горкомхоз» ЖШС – жекешелендіру.

– 6 ұйым бойынша сауда-саттық алдындағы дайындық және оларды сату жөніндегі іс-шаралар Кестеге сәйкес жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Жекешелендірудің екінші толқынының объектілері» ақпараттық ресурстары арқылы Кестенің орындалуына мониторинг жүргізіп отыр, бұл Кешенді жоспарға енгізілген, бәсекелестік ортаға беруге жататын объектілер жөнінде отандық және шетелдік инвесторларды ақпараттандыруға арналған.

Сондай-ақ, Жол картасы мем­тізілімнің веб-порталында оларды орындау мерзімдері мен қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді және орналастырылды.

Сауда-саттыққа қойылатын ұйымдар туралы барлық ақпарат www.gosreestr.kz сайтында, сондай-ақ, сауда-саттыққа қатысуды қабылдау үшін қолжетімді.

М.КАДЕКОВ,

мемлекеттік активтер және сатып алулар басқармасының басшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*