Главная » Саясат » Шахта-мұражай — ашылды

Шахта-мұражай — ашылды

      Ерекше мұражай Майқұдықтағы тау-кен-индустриалды колледжі негізінде ашылды. Бұл оқу ордасының оқу-жаттығу шахтасы 1981-ші жылы салынған, алайда осыған дейін сырттан келгендерге бұл шахтаға кіруге тыйым салынған. Енді, оны кез келген адам кіруге болатын мұрайжайға айналдыру туралы шешім қабылданған.

мұражай Майқұдық1

– Шахта-мұражай құру туралы идея Шотландиядан менің ғылыми жетекшім келгенде пайда болды. Мен ол кісіні КАРЛАГ-қа алып бардым, – деді Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов. – Бірақ, содан соң ол мені Қарағандыны кеншілер қаласы ретінде көрсете алатын бір жерге алып баруды өтінді. Ал, бізде ондай жерлер жоқ. Міне, сол кезде колледждің директоры Геннадий Ивченкомен көпшілікке арналған осындай мұражай құру туралы шешім қабылдадық.

Шахтаға түспес бұрын қонақтарға қазіргі Қарағандының орнында көмір орындары табылғаны және бұрғылау жұмыстары басталғаны туралы қысқаша дәріс оқылады. Содан соң келушілерді ережелермен таныстырып, арнайы киім – шалбар, күртеше және жарығы бар каскалар береді.

Шахтаның өзі жер астында орналасқан. Бірақ, небары 15 метр тереңдікте. Қонақтарға ол туралы айтылмайды. Қонақтарға тереңге түсіп бара жатқандай әсер сыйлау үшін төменге түсіретін тор ұзақ уақыт селкілдейді.

Жер асты мұражайы 100 шаршы метрден астам аумақта орналасқан. Ол жерде қазіргі шахталарда пайдаланылатын құрал-жабдықтар орнатылған. Мұражайға келушілер үшін ол құрылғылар іске қосылады, алайда, қауіпсіздік сақтау үшін ара қашықтықта ұстайды. Әр құрылғыда арнайы жапсырма бар. Оларда әрбір құрылғы туралы ақпарат жазылған. Ол үшін смартфонда арнайы қосымшаны жүктеп, қосу керек. Әзірге ақпарат тек мәтін түрінде үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ғана қолжетімді.

– Біз осылайша гидтер мен аудармашылар қызметіне тәуелді болмауды шештік, – дейді Асхат Аймағамбетов. Жақын арада, бір-екі аптадан соң бұл жүйені қарапайымдату үшін жапсырмаларды QR-код-қа ауыстырамыз. Сонымен қатар, тек оқуға ғана емес, ақпаратты тыңдауға болатындай, аудиофайлдар қосамыз.

Әрбір мұражай қонағына шахтаға түскені туралы сертификат беріледі. Сонымен бірге, мұражайды аралап болған соң келушілердің барлығына тағам дорбашасы беріледі. Онда екі тілім қара нан мен май, екі тілім шұжық және жасыл жуа салынған.

Мұражайдың шығаберісінде кәдесыйлар дүңгіршегі пайда болады.

– Менің ойымша, туристер арасында сұраныс болуы тиіс, – деп есептейді «NOMADIC Travel» компаниясының өкілі Мария Бризицкая. – Бізде ашық әдіспен көмір шығаратын бір шахтамен экскурсиялар жайлы келісім жасалған. Мына мұражай – турды толықтыруға жақсы мүмкіндік. Осыдан екі апта бұрын Германиядан оқушылар келді, олар шахтаға барғысы келді, алайда ол кезде өкінішке орай мүмкіндік болмады.

Әзірге мұражайға билеттерді тек туроператорлардан сатып алуға болады. Нақты бағасы әлі белгіленбеген. Алайда, мұражай өкілдері билет құны 500 теңгеден аспайды дегенді айтады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*