Главная » 2016 » Декабрь

Месячные архивы: Декабрь 2016

Әлеумет әлеуеті мықты

    Қарағанды әуел бастан алып құрылыс алаңы ретінде белгілі. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы құрылыс биылғы жылы да толастаған жоқ. Әсіресе, әлеуметтік саланы қамтыған құрылыстың халық игілігі үшін қалтқысыз қызмет ететіні анық. Соларға тоқтала кетсек…     2016 жылы Қарағанды облысы бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандырудың қырыққа жуық нысанының құрылысын жөндеуден өткізу жоспарланған екен. Атап айтар болсақ, жалпы білім ...

Читать далее »

Мешін аймаққа не берді?

    Санаулы күннен кейін тағы бір жыл тарихтың еншісіне беріледі. Жаңа жылдың табалдырығында тұрғанда, әркімнің туған ай — туралған еттей болып, өте шыққан жыл он екі айдың бергені мен өзінің көргенін ой елегінен өткізері және һақ. Тәңірдің берген несібесін теріп жеп жүрген кез келген тіршілік иесінің келер жылдан үмітсізі жоқ. Биыл қисыны келмеген істің қиюын Жаратқан келер жылы келтіргей деген ...

Читать далее »

«Адамдарды қуанышқа бөлеу – бір бақыт»

   «Балқаш Жібек жолы» ЖШС директоры Серік Қасымбеков:     Ақ түтек боран мен сықырлаған аязын ала келген Аяз ата қала ортасындағы үлкен шырша орнатылған алаңға біраз аялдады. Әлде біреуді іздейтін сияқты. Шаршы топтың шетінде әңгіме-дүкен құрып тұрған «Балқаш Жібек жолы» ЖШС-нің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Серік Қасымбековке Ақша қарды жүгіртіп жіберіп: – Шақыр, Серік баламды, үлкен құрылыс фирмасын ашып, айтарлықтай ...

Читать далее »

Құжаттар қабылдау рәсімі басталды

    Құрметті қарағандылықтар!     Қарағанды қаласының әкімдігі өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.     Бағдарламаның осы бағыты шеңберінде іске асыруға 108 пәтер жатады, жалпы алаңы 5729,8 м2, мына мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Белинский к-сі, 2 үй, тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үй, оның ішінде: 1) 36 пәтер ...

Читать далее »

Жылу беру – жүйелі

    Кеше аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Андрей ЛЯПУНОВТЫҢ қатысуымен Теміртау қаласындағы жылу беру маусымының аяқ алысы талқыланған жиын өтті.    Қаладағы ЖЭС-2 жұмысында ақаулардың орын алуына байланысты металлургтер шаһарының тұрғындарына жылу дұрыс берілмей келгені белгілі. – Сіздер Теміртау қаласындағы жылу беру барысына қатысты Үкімет басшысы тарапынан сын айтылғанын білесіздер. Осыдан екі күн бұрын облыс әкімі станцияны аралап, ...

Читать далее »

ОНЖЫЛДЫҚ БЕЛЕСТЕР БЕЛГІЛЕНДІ

    «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Бақтияр ҚРЫҚПЫШЕВ Жаңа жылдың қарсаңында еңбек ұжымдары өкілдерінің жиналысын өткізіп, мыс алыбының даму жолдары мен алдағы межелері туралы кеңінен әңгімеледі. Келелі жиында тау-кен компаниясының басшысы Жезқазған, Қарағанды және Балқаш өндірістік алаңдарындағы 2016 жылғы жұмыс қорытындыларына тоқтала келіп, «Қазақмыстың» алдағы онжылдықта белгілеп отырған іргелі жобаларын ортаға салды.     Тәуелсіз елімізбен бірге еңсесін тіктеп, өркен жайған ...

Читать далее »

Лауазымға сәйкестік – аттестацияда анықталады

    Жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талант МЕДЕТТІҢ қатысуымен «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін аттестациялау бойынша баспасөз мәслихаты өтті.     «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізу жоспарлануда.    Аттестацияның басты мақсаты – «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындығы ...

Читать далее »

Білім көші – биік сатыда

    Биыл Қарағанды облысы білім көшінде биіктен көрінді. Республикалық, халықаралық шеңберде. Олай дейтініміз, бiлiм берудi дамытуда мемлекеттiк бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қарағанды облысы республика көлемінде үздік үштіктің қатарында тұр. Республикалық олимпиада және ғылыми жобалардың жылдық қорытындысында үздіктер қатарындамыз. Облыстың білім көшіне өзіндік үлес қосқан көпке үлгі болар жандарды атап өтсек… Билл Гейтс шәкіртақысын бөктерді     №38 гимназияның ...

Читать далее »

Жаңа бір нұрдай тамамын

Жаңа бір Азат жылменен, Жаңа бір ғажап жылменен. Жаңа бір жауған ақ қардай, Жаңа бір талдай бүрлеген. Жаңа жыл.. жаңа… жаңа күн! Жаңа бір нұрдай тамамын. Жаңа өмір саған байлаулы, Жамалым, менің жанарым. Жаңа бір жылдай жаспын деп, Өзегім жыр деп, тасқын деп. Мен саған аяқ бастым кеп, Сен маған ақ қар шаштың кеп. Өткен жыл, саған да өкпем жоқ, ...

Читать далее »

Құрметті қарағандылықтар!

     Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!     Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.     Ескі жылдың есіркеуі мен жаңа жылдың жарылқауын тілеп отыратын қазақ халқы үшін әрбір жылдың орны ерекше. Әрбір өткен жыл тарих беттеріне Қазақстанның даму жолындағы жасампаз жаңалықтарымен жазылып келеді. Еліміздің ...

Читать далее »