Ежедневные архивы: 21.11.2016

Қазақша сөйлейтін қоғамның кепілі

    Әр халықтың ана тiлi – оның жаны, халқының қайталанбас өзiндiк кейпi, ұлттық болмыс-бiтiмiнiң бейнесi, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi, iшкi жан дүниесiнiң өзiне ғана тән құпиясы. Бала «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, алғашқы сөздерді қай тілде меңгеріп, үйренсе, сол тілге жақын тұрады. Сондықтан, отбасында, балабақшаларда қазақша сөйлеулеріне назар аудару керек. Бөбекжайға келген бала сөздік қорын толықтырады, ...

Читать далее »

Банкнот бейнесіндегі болашақ бедері

     Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойының қарсаңында бас қалада ұлттық валютамыз айналымға енгізілген күннің мән-мағынасын айшықтаған алқалы жиын өтті. Теңгенің туған күніне орай өткен басқосуда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Мемлекет басшысының бейнесі бедерленген жаңа банкнот пен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған естелік монетаны ел назарына ұсынды. Дәуірмен тең 25 жыл 15 қараша – Ұлттық валюта күні және еліміздегі қаржыгерлер қауымының кәсіби ...

Читать далее »

Жаңа емхана салынуда

    Бейсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ жұмыс сапарымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында Қарағандыда салынып жатқан №7 емханаға барды. Аймақ басшысына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев және жоба жетекшісі Дәулет Мырзағалиев жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жөнінде есеп берді. – Тұрғындар жайлылығы үшін емханада барлық жағдай жасалады. Емделушілер ыңғайлы күту залында электрондық кезек арқылы білікті мамандардың медициналық көмегіне ...

Читать далее »

«Алтын дән мен төрт түлік – Арқа құты»

    Қарағандылық диқандардың биылғы жетістігіне күллі қазақ жұрты қуануда. Егемендіктің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында 1 миллион тоннадан астам астық қамбаға құйылды. Бұл – жаңбырлы жаз бен егіншілеріміздің еселі еңбегінің нәтижесі деп білейік. Сонымен қатар, кейінгі жылдары Арқа төсіндегі төрт түліктің қарасы да артып келеді. Асыл тұқымды мал өсіруге бет бұрған шаруашылықтар қатары көбеюде. Үкімет тарапынан жолға қойылған бағдарламалардың арқасында жергілікті ...

Читать далее »

ШАЛҒАЙДАҒЫ ТОЙХАНА

    Балқаш қаласынан шалғайда жатқан Саяқ кентіне заманауи үлгідегі бір тойхана керек еді. Тіршілік болған соң той-думан, құран оқытып, ас беру секілді бас қосулардың өткізілуі қажеттілік деп білеміз. Кент тұрғыны Айдос Асылжанұлы Жүнісов көптен бері жұртшылықтың қамын ойластырып, бір игілікті істі қолға алуды ниет етіп жүретін. Көптен бері тозығы жетіп тұрған ғимаратты икемдеп, бір ауылдың қажетін ашарлық тойхана жасауға кірісіп ...

Читать далее »

Әдеп нормалары қатаң сақталады

   Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқаруы – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Дегенмен, кейбір мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексі талаптарының бұзылуына жол береді. Мемлекеттік қызмет реформасы аясында мемлекеттік тәртіпті нығайту бөлігінде айтарлықтай өзгерістер болды. Атап айтқанда, биыл ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...

Читать далее »

Ұлттық таным – ұдайы назарда

    Гендерлік саясат жаһандық саясаттың бір бөлігіне айналғалы қашан. Әлем тәжірибесінде оның орны өткен ғасырдың басынан бастап айқындалды. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Германия секілді алпауыт мемлекеттерде бұл жүйе қоғамның қозғаушы бір күші ретінде мойындалды. Ал, біздің елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бастап ене бастады. Зайырлы мемлекет, ашық қоғам қағидасы бойынша бірқатар тұлғалар да қалыптасты. Аталған жүйе мемлекеттік құрылымдардың әр саласына еніп қана ...

Читать далее »

Белсенді жастар – жарқын болашақ

    Жас азаматтардың қоғамдық мәселелерді талқылауға қатысуы және жастар арасында жергілікті атқарушы органдардың беделін көтеру үшін жағдай жасау мақсатында «Жастардың өзін-өзі басқару күні» қалалық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның іріктеу кезеңі («Өзін-өзі басқару неден басталады?» тақырыбында эссе жазу) жақында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтті.     Тікелей қала әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы «Ради будущего» ҚБ-мен бірлесе отырып өткізген акцияға осындағы ...

Читать далее »

Тіл саясатына – тың серпін

    Приозерск қаласының Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың І жартыжылдығында бірнеше іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылып, 15 адам қамтылды, деңгейі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша, В2 ортадан жоғары. Мемлекеттік тілді оқыту курсымен қамтылған 15 тыңдаушының барлығы мемлекеттік қызметкерлер болды. 10 мемлекеттік қызметші ...

Читать далее »

ШАНШАР АБЫЗ

       Шаншар абыз жөнінде бастау қиын, бастаған соң тастау қиын… Бұл бір ғана менің басымдағы жайт болмас. Тірек ештеңе жоқ. Дерек, дәйектеменің барлығы да жанама. Бары – әпсана, аңыздар. Кәсіби тарихшылар үнсіз. Өлкетанушы, шежірешілердің ізденістері барлаудан әрі аспай тұр. Сонша таусылатындай ештеңе бола қойған жоқ, әрине. Дегенмен, ойласар жайт – баршылық. Шаншар бабамызды есті қазақтың бәрі білсе керек. Абыз деп. ...

Читать далее »