Ежедневные архивы: 10.11.2016

Сараптаманың сапасы артады

    Қазақстан Республикасының аумағын өте қауіпті зиянкестердің, фитопатогендік организмдердің және кәнігі арамшөптердің таралуынан қорғамаса, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мүмкін емесі белгілі. Қазақстанның әлемдегі бірқатар мемлекеттермен сауда-саттық қарқынын жандандыруы, туризмді дамытуы, сондай-ақ, ғылыми білім алмасуы нәтижесінде, карантиндік өнімдермен жаңа, не болмаса мемлекетімізде әлі де болса таралмаған карантиндік зиянды организмдердің еніп кету қаупі айтарлықтай көбеюде. Әлі де болса жер-жерде жаппай таралу мүмкіндігі ...

Читать далее »

Жаңашыл мұғалім – бәсекеге қабілетті

    Елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын әлемдік деңгейге жеткізуге үлес қосатын жаңа тұлғаны қалыптастыруда биылғы оқу жылынан бастап барлық бірінші сынып оқушылары жаңа білім беру мазмұнына көшті. Балқаш қаласы №5 орта мектебінде «Бағалауды ұйымдастыру және əртүрлі тапсырмаларды орындау барысында кері байланыс жасауды тәжірибеде қолдану жолдарын үйрету» тақырыбында семинар-коучинг өтті. Ұжымда, топта жұмыс істей алатын, критикалық ойлау және зерттеу дағдылары қалыптасқан, ...

Читать далее »

Дәуір дерті – диалог алаңында

    Жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талант МЕДЕТТІҢ және облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сәуле ОСПАНОВАНЫҢ төрағалығымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ашық келісім аясында диалог алаңы ұйымдастырылды. Шара «Бұқаралық ақпарат құралдары, кинематографиялық ұйымдары және мәдениет қайраткерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ролі» ...

Читать далее »

Бітімгерліктің бірегей формуласы

   Қадым замандардан бастап қазақ сахарасында төрелік шешім үлкен мәртебеге ие болып отырған. Оның мысалы ретінде хандық жүйенің негізін атап көрсетуге болады. Турашылдық, шыншылдық қазіргі медиация саласының түп негізі. Билердің төрелігі де тарихтың алтын парақтарында хатталып, мәңгілік мәнге ие болып, сақталып қалғандығы рас. Осы орайда, қазіргі медиацияның жалпы формасы, институттық түп-тамыры, оның туындау идеясы пайда болғандығын тілге тиек еткен жөн. ...

Читать далее »

Отанға қызмет – Абыройлы борыш

    Жуырда «Мәңгілік алау» ескерткіш мемориалының алдында ҚР Әуе қорғаныс күштерінің таңдаулы бөлімшесінің қатарына, Серебрянк қаласындағы 97638 әскери бөлімінде жедел әскери қызметтен өту үшін 55 әскерге шақырылушыны салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Қарағанды облысының 17 қаласы мен аудандарынан іріктелген әскерге шақырылушылардың әрқайсысы моральдық-іскер сапаға, орташа арнаулы білімге, «В» және «С» категориялы жүргізуші куәлігіне ие. Денсаулық жағдайы бойынша да ешқандай ...

Читать далее »

Сала мамандарына – ерекше құрмет

    Аудан әкімдігінің мәжіліс залында әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде атап өтілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі М.Жандәулетов, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары мен ұжымдары қатысты.    Салтанатты жиында аудан әкімі М.Жандәулетов құттықтау сөз сөйлеп, халықты әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғау Елбасы мен үкіметіміз жүргізіп отырған сындарлы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтты. Сондықтан, ...

Читать далее »

Жүрекке жалын құйған

   ҚарМУ-дың бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасы жанындағы «Жас сұңқар» әскери-спорттық клубы жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу және діни экстремизм мен терроризмге қарсы алғышарттарды үйрету жолында толағай шаруаның басын қайырып келеді.    Жақында клуб жетекшілері бұл бағытта былтырғы оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, І курс студенттерін клуб қатарына салтанатты түрде қабылдады. Шараға университет проректоры Абай Қалықов, ...

Читать далее »

Қалың елдің жүрегінде

    Қанша жақсы көріп, аңсарымыз ауып, тілдескіміз, кездескіміз келіп тұрса да ол тілек-мақсатымыз орындалмас арманға айналып, өмірімізде көз жазып қалған ардақтыларымыз қаншама?! Солардың бірегейі – ортамызды ойсыратып кеткен қазақ өнерінің қарашығындай қадірлі ақсақалымыз, әнші, актер ағамыз Қуат Қожамбаев еді. Туған жұртының ғана емес, барша елдің қадірлейтін азаматына айналған ардақтымызды жер бесікке тапсырғанымызға да жыл толыпты-ау… Қазан айының соңында қалың елі ...

Читать далее »

Мерейлі мектеп

    1976 жылы іргетасы қаланған № 66 орта мектеп жарты ғасырға жуық ғұмырында қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Осы мақсатта мектептің қырық жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. №66 орта мектептің директоры Б.Нұрмұханов: «Ұстаздар қауымы тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеп, алға қойған міндеттерді орындау жолында еңбек етуде. Басты мақсатымыз – білім беру сапасын жетілдіру, мұғалімдерімізді, шәкірттерімізді білім ...

Читать далее »

Ғарыш тарихы залы ашылды

    Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында Ел Тәуелсіздігінің және қазақтың Тұңғыш ғарышкері Тоқтар ӘУБӘКІРОВТІҢ ғарышқа ұшқанына 25 жыл, сондай-ақ, адамзат баласының ғарышқа сапар шеккеніне 55 жыл толуына орай, ғарыш тарихының залы ашылды. Бұл бірегей көрме залы «Жезқазған – ғарыш айлағы» деп аталады. Ғарыш тарихынан сыр шертетін залда негізінен бұрынғы облыстық атқару комитетінің қызметкері, жезқазғандық коллекционер Дмитрий Грудейдің тірнектеген мұралары қойылған. ...

Читать далее »