Главная » Саясат » Саудасы – қызу, сайраны қандай?

Саудасы – қызу, сайраны қандай?

       Жезқазғандағы «Дидар» телеарнасы  сатылатын болыпты. Осыны естігенде алаңдадық. Әріптестеріміздің ертеңі не болмақ деп. Сөйтсек, «Сарыарқа» да саудаға түседі екен. 

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Мекемелерден, иә болмаса басшылардан қандай да бір ақпарат алу үшін біраз «доп» болатынымыз жасырын емес. Біреуіне қоңырау шалсаңыз, келесі біріне сілтейді. Алтын уақытты осылай зая қылып отырғанда ақыры сұраныс хатын жазу керек болады. Мәселен, бір ғана цифр алу үшін.
Бұл жолы Жезқазған басшысымен тікелей жүздесуге мүмкіндік туды. Батырлан Ахметов облыстағы Орталық телекоммуникациялар қызметі орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Өңірдегі журналистермен бетпе-бет кездесті.
Алдымен, шаһар басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізді. Өңірді дамытудың кешенді жоспарымен таныстырды.
Кезек сұрақ-жауапқа келгенде бірден «Дидардың» жағдайын сұрадық. Б.Ахметов арнаның сатылатынын растады. «Бірақ, мемлекеттік тапсырыс негізінде «Дидармен» бірлесе атқаратын жұмыстар жалғаса бермек», – деді ол. Бір қызығы, облыс бойынша сатылымға бірнеше бұқаралық ақпарат құралы шығарылғанымен, «Дидар» ғана жаңа қожайынның қолына өтетін тәрізді. Биыл.
Біздің газет арқылы сауға сұраған жезқазғандық «Сарыарқаны» да әңгімеге өзек еттік. Б.Ахметов кесіп айтты. Бұл газет те келер жылы сатылады.
380 мың теңге жалақы алатын Жезқазған әкімінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Бұл қатарда жәрмеңке өткізетін орынның талапқа толық сай келмейтіндігі және бар.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанЖұлдызшамен белгіленген жерлерді толтыру міндетті * *

*