Бас тақырыпЖаңалықтар

«Шаңырақ» байқауының қорытындысы шықты

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Шаңырақ» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде мен екі номинация «Орталық Қазақстан» газетінің журналистеріне бұйырды.

«Шаңырақ» байқауы этножурналистиканы дамытып, ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Биылғы байқауға өңірдегі БАҚ өкілдері қатысып, жергілікті жерлердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы, мемлекеттік тілдің жайы мен Ассамблея жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы дайындап, жариялаған материалдарын ұсынды.

Жүлдегерлерді марапаттау салтанатына Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары Деспина Касапиди, облыстық ҚХА жанындағы Журналистер клубының төрағасы Ерсін Мұсабеков, облыстық «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский мен Аналар кеңесінің мүшесі Күліш Төлеуханова қатысты.

Жыл қортындысы бойынша Бас жүлде «Орталық Қазақстан» газетінің web-редакторы Нұрлыхан Қалқаманұлына берілді. Сонымен қатар, «Орталық Қазақстан» газетінің қос бірдей тілшісі – Аяулым Совет пен Қасымхан Ғалым арнайы номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, газетіміздің Қарқаралы ауданындағы меншікті тілшісі Сағыныш Әбілова да жүлдегерлер сапынан көрінді. Әріптесіміз, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Анна Строкова «Жалпыұлттық келісім мен бірлікті насихаттау» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button