13-19 тамыз : Апталық жұлдызжорамал

Бұл күндер өміріңізге еш жаңалықсыз, өзгеріссіз келмейтіні ақиқат. Бірақ, сіз оның не екенін білмейсіз. Біліп, бәріне дайын болғыңыз келе ме?

Тоқты

Қандай да бір істің жемісті боларына көзіңіз жетсе ғана қолға алыңыз. Аяқ асты іс бастаудан, біреуді сынаудан және асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Демалыс күндері рухани баю жолын іздеп, мұражай не театрға барыңыз. Ең сәтті күндер — 14, 16 тамыз.

Торпақ

Өміріңізде маңызды бір нәрсені өзгертудің уақыты жетті, оны өзіңіз де сезіп жүрсіз, иә? Тереңнен ойланып, жақындарыңызбен кеңесіңіз, бәлкім жақсы өзгерістер жасап қаларсыз. Бұл аптаны демалысқа көбірек арнап, жаздың соңғы шуақты күндерінен қуат алып қалыңыз. Ең сәтті күндер — 15, 18 тамыз.

Егіздер

Бұл аптаның жұмасы — жаман әдеттерден арылуды бастауға ең қолайлы күн. Ал демалыс күндерін үйдегі уақ-түйек заттарды реттеп, қажетсіздерінен арылуға арнаңыз. Көптеген мәселенің түйінін, әріптестермен арадағы түйткілді шешуге қолайлы. Ең сәтті күндер — 15, 17 тамыз.

Шаян

Өткенді жіберіп, бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Жаңа мақсат межелеп, соған сай жаңа жоспар құрыңыз. Аптаны үйде, отбасыңызбен бірге өткізіп, оларға көбірек көңіл бөліңіз. Ең сәтті күндер — 13, 18 тамыз.

Арыстан

Осы аптадағы достармен басқосу не саяхат өміріңізге жарқын бояу сыйлайды. Біршама пайдалы келісімшарттарға қол жеткізуге мүмкіндігіңіз бар. Үй шаруалары не жөндеу жұмыстарына қатысты жақсы идеялар келеді, жүзеге асырып үлгеріңіз. Ең сәтті күндер — 16, 19 тамыз.

Бикеш

Өміріңізде оң өзгерістер орын алғалы тұр. Осыған байланысты апта бойы өзіңізді жақсы сезініп, көтеріңкі көңіл-күйде өткізесіз. Балалар тарапынан сізге қарай сұрақ көбейеді. Оларға ақылшы ғана емес, дос ретінде де жауап беруге тырысыңыз. Ал, демалыс күндерін өзіңіз қалағандай өткізіп, жақсылап тынығуға мүмкіндігіңіз бар. Ең сәтті күндер — 14, 15 тамыз.

Таразы

Демалыс күндерін денсаулықты нығайтуға арнаңыз: жаяу серуендеп, спортпен шұғылданыңыз, тағысын тағылар. Апта соңында қуанышты жаңалық естисіз. Бұл бойыңыздағы өзіңізге деген сенімділікті, өмір сүруге құлшынысты арттырады. Ең сәтті күндер — 13, 17 тамыз.

Сарышаян

Аптаның орта шеніндегі күндер нағыз жазғы көңіл-күй сыйлайды. Жұмыс көп, бірақ отбасы мен өзіңізді де ойлаңыз. Демалыс алып, көп уақытты табиғат аясында өткізген жөн. Әсіресе, сенбі-жексенбіде жұмыстан қол үзіп, өзіңізге арнаңыз. Ең сәтті күндер — 18, 19 тамыз.

Мерген

Сіз үшін энергетикаға толы апта. Өзінің не қалайтынын және оған қалай жетуге болатынын білетін жандардан жұлдыздар көмегін аямайды. Туындаған мәселелерді ұзаққа созбай шешуге тырысыңыз, ертеңге мүлдем қалдырмаңыз. Ең сәтті күндер — 13, 15 тамыз.

Тауешкі

Астрологтар бұл аптада аздап өзімшіл болуға кеңес береді. Тек өзіңізге қатысты нәрселерге бас қатырыңыз. Қызықты жобаларға ұсыныс түседі. Егер еңбекқорлық пен шығармашылықты ұштастыра кіріссеңіз, табысты болады. Ең сәтті күндер — 14, 16 тамыз.

Суқұйғыш

Апта күндері бірқалыпты, гармонияда өтеді. Құжаттық жұмыстардың көп болатынын есепке алмағанда, жалпы, сәтті апта деуге болады. Жұмыстан жылдық демалыс алу мүмкіндігі жоғары. Ең сәтті күндер — 15, 17 тамыз.

Балықтар

Көптеген қызықты таныстықтар күтіп тұр. Жаңа таныстарға сенім арта білсеңіз, бұл сіздің мансап баспалдағында жоғары өрлеуіңізге септігін тигізеді. Қызметте шамаңыз бен уақытыңыз жетпейтін тапсырма аласыз. Оны сапасыз не кеш орындағаннан көрі әріптестерден көмек сұрағаныңыз жөн. Ең сәтті күндер — 14, 19 тамыз.

 

Аударған: А.Бектұрғанова,

ЕRNUR.KZ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.