Latynsha jaz, qazaqsha oqy!

Qazaqstanda latyn grafıkasyndaǵy álіpbıge negіzdelgen “Jalpyhalyqtyq dıktant” óttі. Jańa álіpbımen jazý daǵdysyn qalyptastyrýǵa baǵyttalǵan aktsıadan Qaraǵandy oblystyq «Ortalyq Qazaqstan» gazetіnіń ujymy da qalys qalmady.

Dıktant uzaqtyǵy – 30 mınýt. Mátіn boıynsha usynylǵan taqyryp – «Rýhanı jańǵyrý». Redaktsıa ujymy latynsha jazý arqyly jańa álіpbıdі qanshalyqty meńgergenderіn kórsettі.

Aıta ketý kerek, Qazaqstan latyn grafıkasyna kóshpeıdі, qaıta oralady. Ekeýі – ekі bólek dúnıe. Máselen, «Ortalyq Qazaqstan» gazetі 1931 jyldan 1940 jylǵa deıіn latyn árpіmen jaryq kórdі. Keńes dáýіrіnіń alǵashqy jyldary ult zıalylarynyń latyn grafıkasyn tańdaýy beker emes. Kósh basynda turǵan memleketter osy álіpbıdі qoldanady, zamanaýı tehnologıanyń barlyǵy osy qarіptі tanıdy. Árі túbі bіr túrkі álemіne de kırıllıtsaǵa qaraǵanda latyn álіpbıі bіr taban jaqyn tur. Ult rýhanıatyn jańǵyrtyp, jańa zamanǵa saı bolamyz desek, bul bastamany qoldaýdyń mańyzy zor.

Óz tіlshіmіzden.


Латынша жаз, қазақша оқы!

Қазақстанда латын графикасындағы әліпбиге негізделген “Жалпыхалықтық диктант” өтті. Жаңа әліпбимен жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталған акциядан Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымы да қалыс қалмады.

Диктант ұзақтығы – 30 минут. Мәтін бойынша ұсынылған тақырып – «Рухани жаңғыру». Редакция ұжымы латынша жазу арқылы жаңа әліпбиді қаншалықты меңгергендерін көрсетті.  

Айта кету керек, Қазақстан латын графикасына көшпейді, қайта оралады. Екеуі – екі бөлек дүние. Кеңес дәуірінің алғашқы жылдары ұлт зиялыларының латын графикасын таңдауы бекер емес. Көш басында тұрған мемлекеттер осы әліпбиді қолданады, заманауи технологияның барлығы осы қаріпті таниды. Әрі түбі бір түркі әлеміне де кириллицаға қарағанда латын әліпбиі бір табан жақын тұр. Ұлт руханиятын жаңғыртып, жаңа заманға сай боламыз десек, бұл бастаманы қолдаудың маңызы зор.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.