Жаңалықтар

Экспортпен – экономикалық өсімге

Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, халқымыздың әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста екені даусыз. Ауыл шаруашылығын өркендету – уақыт талабы. Аудан әкімі Әнуар Омардың төрағалығымен өткен жиында осы мәселе қаузалды.

Шараға аудандық мәслихат хатшысы Т.Сейтжанов, мекеме, бөлім басшылары, село, кент әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде Ұлытау ауданы бойынша ірі қара етін экспортқа шығару және ірі қараны мал бордақылау алаңдарына тапсыру жоспарының орындалысы қаралды. Қойылған мәселе бойынша, аудан әкімінің орынбасары М.Оспанов пен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Обайдуллиннің баяндамасы тыңдалды.

С.Обайдуллиннің айтуынша, 2018 жылы ірі қараны экспортқа шығару және бордақылау алаңдарына өткізу бойынша, малдың күйін бақылау төңірегінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мал бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізуге Шымкент қаласы «Жайма» ЖШС және экспортқа жіберу мақсатында «Дулат» шаруа қожалығымен бірге Өзбекстан мемлекетінің өкілдері ауданға келіп шаруа қожалықтарын аралап, «Бекетай-Баба» шаруа қожалығынан 52 бұқашық алып, 10,6 тонна сойыс салмағымен Өзбекстан мемлекетіне тапсырған. Қызылорда қаласындағы 3000 орынға шақталған мал бордақылау алаңына Жанкелді селолық округінен – 220, Ақтас кентінен 41 мал өткізілді. Қазіргі уақытта құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, бүгінгі күні Қостанай облысында орналасқан «Терра» ЖШС мал бордақылау алаңының өкілдерімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Қаракеңгір ауылдық округі «Бекетай Баба» шаруа қожалығы – 85, Ұлытау ауылдық округі «Жараспаев Е.» шаруа қожалығы 80 ірі қара малын өткізуге әзір. Баяндамаға сәйкес, аудан әкімі Ә.Омар ауданның кент, село округтеріне ірі қараны экспортқа және мал бордақылау алаңдарына тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды және қадағалауға алуды аудан әкімінің орынбасары М.Оспановқа жүктеді. Сонымен қатар, аудан экономикасын өсіруге бағытталған жұмыстарды ширату қажеттілігін баса айтты.

Айдана УЫЗБАЙ,

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button