Бас тақырыпРесми

1000 тұрғын кезектен шығарылды

Облыстық прокуратура атқарушы органдардың «Нұрлы жер» бағдарламасын және 2019-2020 жылдарға Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру барысында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарына тексеріс өткізді.

Нәтижесінде пәтерлерді қылмыстық жолмен алу, жалға берілетін және несиелік пәтерлерді заңсыз бөлу, бюджет қаражаттарын бақылаусыз жұмсау, 1200 адамды тұрғын үйге мұқтаждардың кезегіне негізсіз қою, 110 пәтерлерді жалға келісім-шартсыз беру фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратурадан хабарлайды.

Прокуратура таратқан мәліметтер бюджетке 18 млн. теңгеден астам сома, 4 пәтер коммуналдық меншікке қайтарылғанын айтады.

Сонымен қатар, пәтерлерді жалға беру туралы 94 келісімшарттар жасалған.

Тексеріс барысында 5 жетім бала пәтер алса, кезектен негізсіз тұрған 1000 тұлға шығарылды. Сөйтіп, пәтерге нақты мұқтаж адамдардың үй алу мүмкіндіктері молайды.

“Қазір жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚК 189 және 190 баптары бойынша жүргізілуде. Прокурорлардың актілері негізінде 28 лауазымды тұлға, оның ішінде, 12 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды” делінген облыстық прокуратура таратқан мәліметтерде.

 Сонымен қатар, облыс прокуратурасының бастамасымен әкімдік тұрғын үйлерді бөлу және мемлекеттік бағдарламалар аясындағы келісімдердің орындалуын бақылайтын уәкілетті органды айқындады. Тұрғын үй кезегіне қою туралы өтініштерді қабылдауды электрондық портал көмегімен цифрландыру мәселесі қарастырылуда.

Қызғалдақ АЙТЖАН

 

Басқа материалдар

Back to top button