Жаңалықтар

Мәйіттен пайда көрген қарағандылықтардың басы дауға қалды

Қарағандыда сот-медициналық сараптама институтының басшыларына қатысты сот процесі басталды. Олар өлген адамның денесіне өздері сараптама жүргізудің орнына, оны ақылы түрде жасайтын жеке мекемелерге жіберіп отырған, -деп хабарлайды ktk.kz

 

Ал есесіне, сол мекемелерден үнемі 35-40 мың теңге көлемінде пара алып келген. Себебі олар қайғы жамылып келгендерге денені беруді түрлі сылтаумен созбалаңға салатын көрінеді. Амалы таусылғандарды жекеменшік сот сарапшыларына жолдап отырған. Қара жамылғандарға жасаған «қызметі» үшін кезекті қаражатты алып жатқанда, институт директоры Жанат Ибатовтың қолына кісен салынды. Тергеу барысында осы қылмысқа оның орынбасарларының бірі шатылғаны әшкереленген. Екеуі де кінәсін бірден мойындап, ағынан жарылды. Сондықтан олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button